Кенесары хан туралы кесек еңбек

0
1139

1946 жылығалым Елтоқ Ділмұхамедов «1837-1847 жыл­дар­дағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтері­лісі» атты кандидаттық дис­сертация жазған екен. Дис­сертацияның оппоненті тарих­шы-ғалым Ер­мұхан Бек­ма­ханов болған. Өкінішке орай бұл ғылыми еңбектің ауторы да, оппоненті де Кенесары тақырыбы үшін қамауға алынған екен.

1946 жылы қорғалған дис­сер­тация елдегі саяси жағ­дай­ларға байланысты 1951 жылы күшін жойды. Монография Совет Одағының барлық кітап­ханаларынан алынып, тегіс жойылған.

Бұл еңбектің жалғыз нұсқасы алпыс жылдан аса Елтоқ Ділмұхамедовтың балалары Отелло мен Эльзаның қолында сақталып қалған.

– Бұл ғылыми еңбектің құндылығы – мұнда Кеңесары ханның жорықтарының бірегей картасы мен халық батырына арналған өлеңдер жиналған, – дейді аутордың қызы.

Қазір бұл басылым Қазақ­станның барлық жоғарғы оқу орындарына, кітапханалар мен ғылыми орталықтарға жібе­ріл­ген. Одан өзге басылымның толық нұсқасы Болатхан Тайжан атындағы қордың сайтында да жарияланған. Алдағы жылы бұл басылымның қазақ тіліндегі нұсақасы жарыққа шықпақ.

Осылайша қыруар еңбектің нәтижесінде жазылған ғылыми еңбек толығымен қалпына келітірліп, қайта басылып отыр. Басылымда Кеңесарының тә­уел­сіздік жолындағы күресі оның саясаткер ретіндегі рөлін айқындай түскен.

Диссертацияның басылып шығуына мұрындық бол­ған Мұхтар Тайжан өткен ғасырдың ортасында, қазақ елі большевиктік Ресейдің қол астына кірген заманда Кеңесары хан туралы ғылыми еңбекті қорғап шығу нағыз ерлік болғандығын айтады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз