Алматы атыс ұясы ма?

Естеріңізде болса, Алматы қаласының ІІД ҰҚКБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Валерий Аваков 2009 жылдың 27 мамырында «Айшуақ-Жантүгел» қылмыстық тобын ұстау барысында қайтыс болған болатын. Осы оқиға жөнінде жақында Алматы облысында полицейді өлтірді деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл хабарға елеңдескен жұрттың құлағына Алматы облысы көлемінен тағы бір суық хабар жеткен еді.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 22 тамыз күні таңғы сағат 8-де Ескелді ауданында Жетісу - Жеңдік тасжолының екінші шақырымында өзінің «Тойота- Хайлендер» көлігінің жанынан Алматы облысы прокуратурасының қылмыстық процесстің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бөлім бастығы кеудесіне оқ тиген денесі табылған. Ол 1977 жылы туған, Талдықорған қаласының тұрғыны. Оның жанынан 12-ші калибрлі аң аулау қаруы табылған.

Жұрттың осы хабарды естігеніне екі күн өткенде әскери сот төрағасы Серік Байбатыровты күйеу баласының атып кеткені жайында сұмдық хабар тарады.

«Алматы атыс ұясына айналып бара жатқан жоқ па?» деп елеңдесекен жұрт айналасына сақтықпен қарауды үйрене бастады.