Оралман балалар орысша оқығысы келмейді

0
918

Қарағанды облысындағы Осакаров ауданына қарасты Есіл ауылында 37 оқушы биылғы жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырауға қатысқан жоқ. Аудан орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан бұл ауылда бүгінгі таңда Моңғолиядан қоныс аударған 24 отбасы тұрады.

Ата-аналары балаларын аудан орталығындағы мектеп-интернатқа жібермей отыр. Оралман отбасылары жергілікті атқару билігіне Есіл ауылындағы орыс мектебінен қазақ сыныптарын ашып беріңдер деген талап айтады.

– Әр шаңырақта төрт-бестен бала бар, тіпті сегіз балаға дейін жететін отбасылары да бар. Енді есептеңіздер, әр балаға ай сайын екі мың теңгеден төлеу қиынға соғады. Көп балалы ана деп берілетін жәрдемақы 5-6 мың теңге, оны қай жағымызға жеткіземіз? Киім-кешек, жүріс-тұрысы бар дегендей. Ауылда жұмыс жоқ. Әркім шамасы келгенше қарекет қып, пұл тауып талшық қыламыз. Осы ауылда бар мектептен 1-шіден 4-шіге дейінгі қазақ сыныптары ашылды, енді біздің талабымыз, 5-шіден 10-шы сыныпқа дейін де қазақша оқытса. Қазақ жерінде тұрып қазақ тілінде оқытатын мектеп ашып беріңдер дегеніміздің өзі тіпті ақылға қонбайтын күлкілі жағдай екен, – дейді Есіл ауылының тұрғындары «Азаттық» рпадиосының тілшілеріне берген сұхбатында.

Оралмандар бірігіп осы арыз-талаппен ашпаған есік, бармаған жер қалмады деп отыр. Облыстық және аудандық білім басқару мекемелеріне, аудан әкіміне және «Нұр Отан» партиясына да хат жолдаған.

Жоғары жақтан жауап күткен орысша оқығысы келмеген оралман балалары ел күйінше дабыралы өткен алғашқы қоңырауды көз жастары мөлтеңғдеп от басы ошақ қасында қарсы алған екен.

«Қазағым, қайран елім, қайран жұр­тым» деп келген қайран, қандастар-ай!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз