Келімсектен келінге жұққан ВИЧ бүкіл ауылға жұқты

0
767

Өткен жылы Түркістанның Иқан ауылында бір әйел­дің АИТВ жұқтырғаны анықталыпты. Қалаға көп шықпайтын, жеңіл жүріспен айналыспаған келіншектің мұндай сырқатты қалай жұқтырғанын зерттегенде оның үйінде бірнеше өзбекстандық азаматтың жұмыс істегені, солардың бірінен жыныстық жолмен жұқтырғаны белгілі болған.

«Күлген күле жетеді, екі етегін түре жетеді» демекші мұндай жағдай бір ауылмен ғана шектелсе керегі жоқ.

Соңғы алты айда шекарадан Оңтүстік Қазақстан облысы аумағына енген шетел азаматтарының жалпы саны 1.474.821 адамды құраса, оның ішінде 43.137 шетелдік көші-қон полициясында тіркеліп, содан 2 215 адам өз еркімен АИТВ (адамның иммунитет тапшылығы вирусы) инфекциясына тестілеуден өтіпті. Олардың арасында 90 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған екен. Ал мұндай тексеруден өтпек түгілі ондай жердің мағын баспай қашып-пысып жүрген арзан жұмыскерлердің санын ешкім білмейді.

Демек, арзан келімсек­тер­ден жұмыс­шы іздейтін бай-шонжарларымыз ке­ліндері мен қыздарына абай болмаса, келінге жұққан дерт бүкіл ауылын жалмап, құлға үйір болғандар құрдымға кетеді деген сөз. Алла ондайдың бетін ары қылсын!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз