Ағылшын қызы үшін абақтыға түскен қазақ

Америка Құрама Штаттарында қазақстандық азамат қамауға алынды. Ұлттық университеттің 20 жасар студенті Жандос Бахытбекұлы балиғатқа жетпеген екі қызды жәбірледі деген күдікпен ұсталды.

Оқиға Нью-Йорк штатының Лейк Джордж қаласында тіркелген. Мәджик Форест саябағында жұмыс істеген Жандос АҚШ-қа «Уорк энд Травэл» бағдарламасымен келген екен. Ол демалыс орнына келген 11 жасар қыздарға тиісіп, денелеріне қол жүгірткен. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Жандос Бақытбекұлы өз кінәсін ішінара мойындаған екен.

Қазір Жандос Бақытбекұлы Уоррен қаласының аймақтық түрмесінде жатыр. Бұл іс бойынша отырыс ағымдағы айда өтеді деп күтілуде. Іс басталғанға дейін босату үшін жергілікті билік 25 пен 50 мың доллар көлемінде кепілақы сұрап отыр.