Ит-мысығына да баспана сұрайтындар бар

1
870

d0b4d0b8d0bad0b0d18f-d181d0bed0b1d0b0d0bad0b02

Астана әкімі Иманғали Тасмағам­бетов кәсіпкерлерге бұралқы ит-мысыққа арнап жекеменшік пана ашуды ұсынды. Бұл туралы әкім өз блогында тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, Темір­болат деген азамат әкімнің блогына былай деп жазады: «Неліктен біз, өзімізді өркениетті халықпыз деп санай отыра, иесіз қаңғып жүрген жануарларды кө­шелерде өлтіреміз, неге олар үшін пана салмаймыз, оларды ауырсындырмай ұрықсыздандырмаймыз? Солардың көзін жоюға жұмсайтын ақшаны игі іске жұмсауға болады ғой. Украинада бір жануарды ауырсындырмай ұрық­сыздандыру біздің ақшамен есептегенде – 500 теңге тұрады. Мәскеудің немесе Киевтің тәжірибе­сін неге алмаймыз? Аудандар бойынша тұрақты өт­кізілетін тендерлерге сү­йенсек, біз бұл мақсатқа жыл сайын 6 миллион теңге жұм­сайды екенбіз».

Бұл сауалға жауап берген әкімнің айтуынша, қала бюджетінде бұралқы ит-мысыққа пана салуға қаржы қарастырылмаған. «Сондықтан да, Астананың коммуналдық шаруашылығы жүйесінде ондай мекеме пайда болады, деп уәде бере алмаймын», дейді әкім.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз