Бас прокуратура қызметкерінің басына бұлт үйірілді

Бас прократураның қызметтеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департамантін басқарып келген Мұрат Мұсабековке лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Бұл мәліметті бас прократураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков растап, Мұсабекеовтың қазір астана қалалық Сарыарқа аудандық сотының санкциясымен қамауда отырғанын мәлім етті.

М. Мұсабековке қатысты ақпараттар 3-4 күннен бері түрлі ақпарат құралдарында жиі айтыла бастады. Онда Мұсабекеовтың кейбір шенеуніктердің телефон арқылы айтылған әңгімесін жасырын тыңдап, заңсыз әрекеттерге барғаны үшін қамауға алынғаны айтылған. Алайда,бас пракратура бұл ақпараттың кейбірінің шындыққа жанаспайтынын айтып, толық мән-жайды өздері мәлім еткен. Ресми өкілдің айтуынша, Мұсабекеов шынымен де қызметін асыра пайдалана отырып, заңсыз әрекеттерге жол берген. Бұл Мұсабекеовтың үстінен прократураның өзі жүргізген қызметтік тексеруінде әшкере болған.

Мұсабекеов осы іс барысында «саяси қастандық жасады» деген ақпарат шындыққа жананаспайды. Өйткені тексеру барысында белгілі болғандай, оның істеген істерінде ешқандай саяси қастандықтың белгілері байқалмаған.