Жезөкшелердің әлегі

0
608

Алматыда «МАЯК» қонақ үйін заңсыз жезөкшелер ордасына айналдырған қылмыстық топтың үстінен сот процессі басталды. Тергеу қорытындысы бойынша 4 адам айыпталып, 30 жезөкшеден сұрау алынбақ. Прокуратура қылмыстық топ жетекшісі қызойнақ нүктесінің басшысы Ділшат Кузеев деп отыр.

Бұл төрттіктің қамауға алынғанына 5 айға жуықтады. Заңсыз кәсіптерін тасада жүргізіп келген күдіктілер бүгінде көпшіліктің жіті ба­қылауында. Тергеу қоры­тын­дысы бойынша топтың жетекшісі болып қонақ үй бас­шысы Ділшат Кузиев та­нылған. Ол қылмыстық кодекс­тің екі бірдей бабы­мен айыпталуда. Яғни, заң­сыз жезөкшелер ордасын аш­қан және тән саудасын қада­ғалайтын қылмыстық топ құрған.

Күзиевпен бірге жауапқа тартылып жатқан қосшылары Запаров, Қамзақова және Жүніс қызойнақта әкімшілік, күзетші қызметін атқарғандар. Тінту кезінде полицияға қарсылық танытқандар да дәл осылар болатын.

Талай қыздың тағдырын талақ еткендерге қатысты мұндай ірі іс Алматыда бірінше рет қаралып отыр. Бірақ, о баста ашық өтеді деп жоспарланған процесс кенет ел үшін құпияға айналды. Айыпталушылардың қорғаушылары күдіктілердің жеке өмірі мен кәсібі қоғамға жария болмауы керек деген ұстанымда. Бұндай талап-тілекті судья да қолдап отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз