Долларға толған бөшке

0
734

Сальвадордың құқық қорғау органдарының қызметкерлері фермалардың бірінен жерге көмілген екі бөшке тауып алған.. Ол көмбенің ішінен 9 миллион доллар ақша табылған екен.

Табылған ақшаны санау үшін полицейлерге үш күн керек болған. Тәртіп сақшылары, жақын маңда тағы басқа көмбелердің болу ықтималдығын жоққа шығармайды. Дегенмен, олар қазынаның қайдан келгенін хабарламай отыр.

Егерде орайы келіп жер шұқып жатсаңыз алтын толған бөшке қиялыңызда жүрсін. Мүмкін жолыңыз болып жатса, мына нарық заманында қарық болмасыңызға кім кепіл. Әй, қайдам?! Бізден бұрын жеріміздің асыт-үстін ақтарып, жеріміз түгілі көрімізді ақтарып кеткен орыс бауырларымыз ондай олжадан ештеме қоймаған шығар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз