Атырауда жемқорлық айықпай тұр

0
618

Атырау облысының прокуратурасы Ұлттық банк филиалы қызметкерлері арасынан жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықты анықтаған. Аталған мекеме қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде «Қазақстанның Ұлттық банкі» Атырау филиалындағы бірқатар мемлекеттік қызметкерлер арасынан жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық фактілерін айғақтап отыр.Облыс прокуратурасы анықтағанындай мемлекеттік қызметкер М.Суханбердиева 2009 жылғы кіріс туралы декларацияда Жұмыскер-2 кентінде орналасқан жер телімін көрсетпеген. Атырау облысы әділет департаментінің хатына сәйкес, көрсетілген жылжымайтын мүлік М.Суханбердиева атына тіркелген болып шықты. Тексеру қорытындылары бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз