Назарбаев Мәсімовтің кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды
2015 ж. 29 сәуір
1884
1
29 сәуір
29 Сәуір 2015, 14:43 Мемлекет басшысы К. Мәсімовтің кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі лауазымына ұсынды АСТАНА. ҚазАқпарат -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі фракция басшыларымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінде хабарлады. Қазақстан Президентінің лауазымына кірісуіне байланысты ел Үкіметі өз өкілеттігін доғарды, сондай-ақ Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігін тоқтатты. Мемлекет басшысы ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігін ескере отырып, Үкіметтің басталған жұмысты жалғастырғаны жөн екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Премьер-Министр лауазымына Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсына отырып, Үкімет пен Парламенттің үйлесімді жұмысының маңызды екенін айтты. «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жетекшісі В.Косарев бұл шешім жан-жақты салмақталғанын атай келе, қолдау білдірді. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының басшысы А.Перуашев ұсынысты қолдап, К.Мәсімовтің дағдарысқа қарсы басқару тәжірибесіне назар аударды. «Нұр Отан» фракциясының басшысы Д.Назарбаева да ұсынысты қолдады және депутаттар мен Үкімет арасында қалыптасқан сындарлы қарым-қатынас олардың өзара іс-қимылына оң ықпал ететінін атап өтті. |