Той тойлау бітсе, Әбеке, ашығып алыңыз!

1
1258

2

Бұл денсаулығыңызға да, ел саулығына да пайдалы

Әлемге әйгілі жазушымыз, жемісті жетпіске толып отырған Әбіш Кекілбаевтың мерейтойын ел болып тойлап жатырмыз. Маңғыстаудағы дүрілдеген үш күн, Астанадағы әлемге сауын айтқан халықаралық конференциялар, т.б. айтулы шаралар дарыны дара қаламгеріміздің мерейін тасытуда. Тойдың шырқау шегі – Елбасы қолынан алған «Еңбек Ері» алтын жұлдызы. Қазақ әдебиеті тарихында бұл Ғабит Мүсіреповтен кейінгі екін¬ші жұлдыз. Тәуелсіз қазақ елін¬дегі жазушылардың бірінші жұлдызы.
Әбіштей классик жазушының «Шыңырауынан» шыға алмай жүрген оқырмандар атынан қаламгерді зор жетістігімен құттықтай отырып, бір ұсынысымызды да жеткізсек дейміз.
Той тойлау біткен шығар, енді сол «Алтын жұлдыз» әперген қазақ тілінің, қазақ ұлтының жағдайын қыл үстіне апарған доктринаға қарсы қаламгер қайраткерлерге қосылып, бір аштық жариялап жіберсеңіз, ол қанша айдан бері той тойлаған денсаулығыңыз үшін де, қанша жылдан бері тілі мүшкіл халде тұрған ел саулығы үшін де бір пайдалы іс болар еді…
Ия, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев пен ұлт қаһарманы Мұхтар Шаханов ұлт мүддесі жолында қас¬қайып қатар тұрса жараспай ма?

Қазыбек ИСА

№48-49  11.12-18.12.2009 ж.


1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз