Үндістандық магнат қалайша Қазақстанның арқасында байып кетті?
2015 ж. 17 сәуір
1776
4
Танымал құрыш магнаты Лакшми Миттал Қазақстанның Қарағанды металлургия комбинатын сатып алғаннан кейін үлкен пайдаға кенеліп, Forbes-тың үшінші орнынан табылды.
Бұл туралы respublika.kz сайты жазды.
Құрыш магнаты Лакшми Миттал 1990 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының қожайыны атанды. Лакшми елімізден 200 миллион долларға сатып алған комбинаттың нағыз құны сол жылдары 3 млрд долларды құраған. Forbes журналының мәліметіне сәйкес, Митталдың байлығы қазіргі уақытта 13,8 млрд долларды құрайды. Әрине, бұл кезең Қазақстан үшін гүлдеп тұрған уақыт болмады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін, еліміз бұрынғы жабдықтаушылар мен клиенттерінен айырылды, жалақы жүрмей қалды. Теміртау тұрғындырының жартысын құрайтын 35 000-ға жуық болат қорытушылар, табақша металлды илемдеушілер және өзге де жұмыскерлер жұмыстан қысқартылу қаупінде болды. Мемлекетіміз тығырықтан шығу үшін ірі өндіріс орындарын жаппай жекешелендіру қадамына барды. Кейбіреулер ірі зауытты кепілге қойып, банктен қомақты несие алудан үмітті болса, басқалар бар өнімді тез сатып жіберіп активтерді алуға асықты. Қарбалас кезеңде Қазақстанға Калькутта және Индонезияда кішігірім болат құю зауыттарында тәжірибе жинақтап үлгерген 45 жастағы инвестор келді. Оның әкесі Мохан Миттал баласына жақсы білім беріп, Үндістанда танымал бизнесменге айналуды армандайтын. Алайда, жергілікті шенеуніктердің қысымынан кейін, елінде сатып алған болат илемдеуші зауытын тастап, Үндістаннан кетуді ұйғарған. Калькуттадағы барлық активтерін сатқан ол, Индонезияға барып, 15 миллион долларға кәсіпорын сатып алды. Пайдаға кенелткен зауытты “Испат” (темір) деп атап, сол кезде Англияда оқып жүрген ұлын шақыртып алды. Зауыт жұмысынан еш хабары жоқ Лакшми оқуын тастап, кәсіпорындағы жұмыстан тәжірибе жинақтай бастады. “Металл барлығына керек. Бүкіл әлемнің келешегі соған байланысты” деді әкесі Лакшмиге. Айта кетерлігі, кез-келген қарым-қатынастар тиімді пайдалана білетін Лакшми Миттал үнді елінде таралған марвари тегінен шыққан. Бұл қабілет Лакшмидің де бойынан табылып, Қарағанды металл комбинатын сатып алды. Кен базасы қасында, энергия көзі Екібастұзда, домнаға кокс Теміртау қасындағы Қарағанды көмірінде, мұздататын агрегаттар Самарқанд су қоймасында бар. Және барлық аймаққа темір жолы жалғанған. Барлық жағдайлардың болуы комбинатты сатып алудың тиімділігін байқатты. Шығыны аз, пайдасы көп болуы керек деп санайтын Миттал отбасы Қарағанды комбинатының шығыстарын екі бағытқа бөлді: бейінді емес және негізгі. Барлық мәселелерді магнат Теміртауда тұрақтамай Астана не Алматыда шешіп отырды. Қарағанды металл комбинаты Митталды үлкен пайдаға кенелтті. Осы комбинатты сатып алғаннан кейін Миттал Ирландиядағы болат құю зауытын сатып аулға мүмкіндік алды. Көп ұзамай LNM Holdings (Лакшми Niwas Миттал холдингі – ҚазТАГ) холдингісін құрды. Чехияда Nova Hut, Польшада Гута, Румынияда Petrotub, Боснияда BH Steel, Македонияда Balkan Steel, Алжирде Alfasid және Оңтүстік Африкада Искор кәсіпорындарының қожайыны атанды. Германия мен Канадада зауыттар сатып алды. 2000 жылдары International Steel Group-тың 6 болат құю зауытын сатып алуы байлығын еселей түсті.Дереккөз: Nur.kz