Мәсімовтың қазақшасы министрлерге де жұғысты болуда

0
909

Үкімет отырысында министр В.Божко қазақша мәлімет берді

 

Қазақ үкіметін ең ұзақ басқарып келе жатқан Кәрім Мәсімов билік басына келгенде көп ел қазақшаға шорқақтығын сөз етіп еді. Көкірегінде көзі бар азаматтарымыздың ары өзге тілді қаламады ма, әйтеуір басқадан бұрын Мәсімовтың мемлекеттік тілді меңгергеніне бәріміз куәміз.

Сол Кәрекең, кәдімгі Мәсімов 24 тамыз күні өткен үкімет отырысын қазақша сөйлетіп, бізді тағы бір таңқалдырды. «Тәубе, тәубе» деп ши сындырғандар да аз болған жоқ. Басқаны былай қойғанда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың осы отырыста Үкімет басшысына қауіпсіздік шаралары туралы қазақша мәлімет бергеніп естіп тіпті де қуанып қалдық. Өткен жылы да К.Мәсімов үкіметте қазақша жиын өткізгенде орыс тілді басылымдар, оның ішінде өз қандастарымыз да бар, шулап кеткен еді. Енді олар ол әрекеттерінің сауатсыздық пен жауапсыздық екенін түсіне бастаған шығар деп үміттенеміз… Ал қазақ басылымдарының мемлекеттік болсын, меншіктік болсын, Үкіметке қолдау көрсететін кезі осындай игі қадамдар кезінде болуы керек.

Қасиетті Рамазан айының дұғасына «Кәрім Мәсімовтың қазақшасы министрлерге де жұғысты болса екен» деген тілек қостық. Илаһим, солай болса екен.

 

Ж.Шаяхмет

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз