ЭКС-КҮЙЕУ БАЛАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ҚАУІПТІ МЕ?

d181d0b5d180d0b8d0ba-d0b1d0b0d0b9d0b1d0b0d182d18bd180d0bed0b21

Әскери сот төрағасы Серік Байбатыровқа қастандық жасалды

Түріктің атыс-шабыс сериялдарына үйір қазақстандықтар ондағы оқиғалардың көбіне жағасын ұстап таңғалатын еді. Ал өз қаламыздың да сондай оқиғаларға толы екенін екінің бірі ойлай бермесе керек. Жақында ғана Алматыда болған Қазақстанның әскери сотының төрағасы Серік Байбатыровты бұрынғы күйеу баласы, 39 жасар Руслан Едресовтың атып кетуі соның бір мысалы емес пе.

Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметке қарағанда,  оқиға 24 тамыз таңғы  сағат 9-дар шамасында  Алматы қаласының Бостандық ауданында орын алған. Әскери соттың төрағасы мінген қызметтік көлікке Жароков көшесімен Левитан көшесінің қиылысында « Mitsubishi Pajero» көлігі қуып жетіп, тұтқиылдан оқ атқан.

«Оқиға орын алған соң арада 2 минут өткенде күдікті автокөліктің соңына Жол полициясының кезекші қызметі түсіп, қуғын 7 көше орамынан өткенше жалғасты. Жол таңдамайтын биік автокөлік аталған маңайдағы жол жөндеу аумағын пайдаланып, жол жиегімен өтіп үй аулалары арқылы ізін жасырған. Сонымен бірге қалада «Тұтқындау» шарасы енгізілді», - дейді қалалық ІІД баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Әзірбек.

Кейін белгілі болғандай, судьяны оның бұрынғы күйеу баласы Руслан Едресов өлтірмек болған екен.

Кімнің аузын басасың, сонымен қаламызда өсек дегеніңіз өрттей қаулап тұр. Біреулер қа­йынатасы күйеу баласын «күйеулік» құқықтан айырып қана қоймастан, екеуінің арасында  жер телімдеріне байланысты дау болғанын  пыш-пыштап жүр. Ал енді біреулердің болжамы бойынша Едресов мұндай әрекетке бұрынғы қайын атасына туған балаларын көрсетпей қойғасын барған көрінеді.  Бұдан басқа да отбасылық кикілжіңдердің болғаны туралы да әр түрлі алып-қашпа әңгіме бар.

Жоғарыдағы түрік сериялдары жайындағы ойымызды Алматыдағы атыс-шабысқа жалғасақ, осы оқиғалардан да көп-көрім кино серияларын жасауға болатын сияқты. Әсіресе, әлінен асқан күйеу балалардың қайынатасына оқ жаудыруы, қуғын көріп жалғыз басын алып қашқан аңғал-алаңғасарлығының өзі қызық болатын шығар. Десе де кино жасаушылар қайын атаны кінәлі қыла ма, әлде күйеу баланы қылмысты көрсете ме, ол жағы бізге беймәлім болар еді. Егер ондай фильм жасалып жатса күйеу балаларына күдікпен қарайтындардың көбеюі де ғажап емес.

 

Жасын Аспандияр