Н.ӘБІҚАЕВ – ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

d0bdd183d180d182d0b0d0b9-d0b0d0b1d18bd0bad0b0d0b5d0b21

Тамыздың 23-і Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы етіп Нұртай Әбіқаевты тағайындады. Әбіқаев 1998-1999 жылдары дәл осы қызмет орнында жұмыс істеп кеткен болатын.

 

Қазақстан президенті осымен екінші мәрте Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқаруды өзінің сенімді саяси серігі Нұртай Әбіқаевқа тапсырып отыр. Жарты жылдай ғана  төрағалық атқарған Әділ Шаяхметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

1998 жылдың қыркүйегінде Әлнұр Мұсаевтан кейін қауіпсіздік комитетін басқарған Нұртай Әбіқаев 1999 жылғы тамыз айында қызметінен кетуге мәжбүр болған еді. 

Бұдан кейін Нұртай Әбіқаев екі мәрте (2000-2002 ж.ж., 2008-2010 ж.ж.) Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Президент әкімшілігінің жетекшісі (2002-2004 ж.ж.), Сенат төрағасы (2004-2007 ж.ж.) және Қазақстанның Ресейдегі елшісі (2007-2008 ж.ж.) қызметтерін атқарды.

Нұртай Әбіқаевтың  саяси ортадағы салмағы зор болып есептеледі. Елбасының ең сенімді серігінің Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тізгінін ұстауы таяуда саяси оқиғалардың орын алып қалуы мүмкін деген ойға жетелейді... 

 

Ділдәгүл НҰРМАХАНБЕТ

Қазақстан Журналистер  Одағының мүшесі