Бақыт ШАДАЕВА, әнші: «Жол қаржымды көтермесе, жолға қалай шығамын?!»

1
2637

Газетіміздің өткен санында жарияланған  «Шәмші тойы» атты мақалада ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовқа ескерткіш орнатылған «Шәмші әлемі» саябағында орнатылған «Жұлдыздар аллеясына» кірмей қалған әнші-сазгерлер туралы сөз болған еді. 

  Иә, атақты Мұхтар Шаханов, Исрайл  Сапарбаев, Досым Сүлеев, Құрманай Омарова, Шәкизада, Бақыт Шадаева, Ералхан   Әбішев, Ұлту Қабаева, т.б. жұлдыздар қатарына енуге «жарамапты да», кім екенін  ауыл-аймағынан артып ешкім біле бермейтіндер қаптап жүр. Яғни, сазгер Қалдыбек Құрманәлиевтің айтуынша, «жартысын алып тастау керек».

  Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы бастығы Күлия Айдарбекованың «Жас қазақ үні» газетіне берген сұхбатында: «Шымкенттегі «Шәмші әлемі саябағындағы «Жұлдыздар аллеясына» атыңыз жазылады, соған келіңіз» дегенде бармай қалған екі  әнші қызымыздың бірі  Бақыт Шадаеваға хабарласқан едік. Әйгілі әнші бармағанының себебін былайша түсіндірді:

-Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына бара алмағанымның бірден-бір себебі – қаражатымның жоқтығы болды – деді ол. – Сондықтан мені аталмыш концертке шақырған кезде, қонақ үй, жол қаржысы төлене ме деп сұрағаным да рас. «Төленбейді» деген соң, ашық түрде «бара алмаймын» деп айттым. Оның үстінде кішкентай баламмен ешқайда шыға алмай отырмын. Қазір жұмыс істемеймін, ән жазуға да қаржым жоқ. Өз нанымды таба алмай жүргенде, қалай жолға ақша табамын? Сіздердің газеттеріңізді оқығаным жоқ. Себебі, орыс мектебін бітірген соң қазақ басылымдарын түсіне бермеймін. Ешкімнің аузына қақпақ болғым келмейді…

 

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз