Жер шарында ең соңғы адам қалғанда, кенеттен есік қағылса…

1
5531

Басқа әлемнің беймәлім қонақтары туралы біздің ата-бабалармыз ежелден-ақ айтып келеді. Әсіресе олардың көзіне көрінген пері, періште, жын, дию, албасты, шайтан секілді сан түрлі құбыжықтардың кемінде жартысы бөгде қонақтар болуы әбден мүмкін. Жәнеде осы ғажайып тіршілік иелері адамдарға жақындағанда да әр түрлі үрей, қорқыныш тудыратын болған. Оны біздің қазақтар «жын қақты ма», «көзіңе албасты көрінді ме», «сайтан түртті ме» деген тектес сөздермен бейнелеп айтар еді.

Дүниедегі ең қысқа фантазиялық әңгіменің не екенін білесіз бе? Ол – «Жер шарында ең соңғы адам қалғанда кенеттен есік қағылды» деген әңгіме. Неге бұлай? Бұған байланысты ғылым тілінде БҰО атанған басқа планета иелері және олардың үрейі туралы айтылатын әңгіме аз емес.

Уфологтар ұшқыш табақтардың кезiккен адамдарға, оның психикасына елеулi әсер қалдыратынын анықтаған. Бұл әсер әр адамның жеке сезiмталдығына байланысты болады. «БҰО пайда болмай тұрып-ақ, адамдар себепсiзден-себепсiз алабұртып, әдеттен тыс құбылыстың жақындап келе жатқанын сезедi. БҰО-ның пайда болуы да адамдардың психикасына едәуiр әсер етедi. Бұл кезде ұйқыдан оянып, әлдебiр қолайсыздық пайда болып, БҰО-ны көрiнетiн терезеге жақындайды», – деп жазады уфологтар. Астаналық жасөспiрiмдердiң басынан өткенi дәл осы жағдайдың бiр ғана мысалы.

Мамандардың айтуынша, БҰО неғұрлым жақындаған сайын оның адамдарға келтiретiн психикалық әсерi де күшейе түседi. Кейде қорқыныш пен үрей ұялатады. Мәселен, Францияның Алье қалашығы маңында жол жиегiне қонған үлкен күмбез тәрiздес затқа жақындамақ болған бiр адам орта жолға келгенде, ешқандай себепсiз бойын үрей билеп алған. Жүрегi дүрсiлдеп, аттай тулап, денесi мұздап, төбе шашы тiк тұрып кеткен. Үрей қорқынышқа ұласып, ол жерден қаша жөнелген.

1979 жылы тамыз айында «Хель-127» балық аулаушы катерi Хель түбегiне жақын маңда жүзiп жүрген кезде, теңiз бетiнде ойламаған жерден оттай қызыл футбол добындай ғана бiр объект  пайда болған. Катердiң шкиперi Шомбер есiнен танып, кеуде тұсы қатты ауырады. Көз жанарынан айырылады. Дүлей дауылдардан қаймығып көрмеген жаужүрек теңiзшiнiң бойын кенеттен қатты қорқыныш билеп алады. Рульде тұрған Элварт та есiнен танып, штурвалды тастай салған. Команданың екi мүшесi Фигурский мен Бона көпiршеге шыққан кезде, самай тұсы аса қатты ауыра бастаған. Шар катерге 20 минуттай iлесiп жүрiп, кейiн қалып қойған. Бiрақ Шомборга ұзақ уақыт бойы сол бiр қорқыныштан арыла алмаған.

БҰО кездесер алдында немесе кездесу барысында адамдарды неге бұлай үрей билейдi? Оның бiр себебi, БҰО өзiнен қорқыныш пен үрей туғызатын сәуле шығаруы әбден мүмкiн. Әртүрлi елдерде бiр-бiрiнен бөлек жүргiзiлiп жатқан тәжiрибелер мынаны көрсеттi: жиiлiгi жоғары электромагниттi өрiсте адамда қорқыныш пен үрей ұялап, ұнжырғасы түседi.

Уфологтардың пiкiрiнше, БҰО-ны тым жақын жерден көрген адамдардың жүйке жүйесi мен психикасы қатты бұзылуы ықтимал. Тiптi, тiлден айырылып, сөйлеуден қалғандары да бар. Кей жағдайда БҰО адамдардың санасына да iштей әсер ете алады. Бұл әсер ұзақ уақыт сақталады. Ұшқыш табақшаны тым жақыннан көрген адамдар онымен кездескендегi және кездескеннен кейiнгi оқиғаларды толық бiледi де, ал кездескен кезде не болғанын жадынан мүлде шығарып алады. Ұмытылып қалған сәттердi регрессивтi гипноз арқылы бiлуге болады. Алайда гипнозшылар гипноз арқылы алынған мәлiмет ұдайы шындыққа сәйкес келе бермейтiнiн ескертедi. Кейбiреулер БҰО-мен кездескен кездегi ұмыт болған сәттердi гипноздың көмегiнсiз-ақ, уақыт өте келе өзi еске түсiрген. БҰО психикасына әсер еткен адамдар әдетте бiрнеше тәулiк бойы қорқынышты түстердi қайта-қайта көрiп, оны өңiндегiдей қабылдап, қатты шошып оянады. Екiншi бiр адамдар бiрнеше апта бойы, айлар бойы тәулiгiне 16 сағат тырп етпестен ұйықтайтын болған. Үшiншiлерiнiң ақылы толысып, қабiлетi ерекше артқан. Мысалы, жасы бiразға келiп қалған, шала сауаты бар түнгi күзетшi бразилиялық Масейрас 1972 жылы ойда жоқта ұшқыш табақшамен кездесiп қалған. БҰО сәулесiн қабылдағаннан соң ба, әлде тағы бiр беймәлiм ұшқыны тидi ме, әйтеуiр ол бұл кездесуден кейiн философиялық, теологиялық және астрономиялық тақырыптарда еркiн ой толғап, күрделi математикалық есептердi оп-оңай шығаратын болыпты Осыншама қашықтықты, жылдамдықты бағындырып, адамдардың санасына әсер ете бiлуi бөгде ғаламшарлықтардың адамзат баласына мүлдем беймағлұм ғылым салаларын меңгергенiн көрсетедi. Сондықтан мамандар осы бағытта бiраз жұмыс iстеуi керек шығар. БҰО-ның адамдарға физикалық және психикалық тұрғыдан әсер етуiнiң сыры мүлде ашылмаған. Бiзге белгiлi магниттiк өрiстер де, жиiлiгi жоғары сәулелендiру де адам ағзасына бұлай әсер ете алмайды. Бәлкiм, мұның сыры парапсихологияға үндес адамдарға әлi белгiсiз ғылымның саласында жатқан шығар. Кiм бiлсiн?

  Бір қызығы бейтаныс қонақтар біздің елдеде талай рет көзге түскен екен. Астана қаласында да ұшатын табақшаларды кезiктiрдiм дегендер аз емес көрінеді. Бiр ғана мысал, 2003 жылы 23 ақпанда Астананың «Технопарк» аймағында да белгiсiз объект байқалған. Оны Таня есiмдi 8-сынып оқушысы көрген. Таңғы сағат 4.30 шамасында жас қыз әдеттен тыс қолайсыздықты сезiнiп, ұйқыдан оянып кеткен. Қайта ұйықтап қалуға қанша тырысса да, мазасызданып, ұйқысы қаша берген. Бiр уақытта ол жайсыздық туғызып жатқан терезеден түскен ғажайып сәуле екенiн сезедi. Су ұрттап, тамағын жiбiтпек болған Таня ас бөлменiң терезесiнен көршi тұрған жатақхананың үстiнен  ұшқыш табақша көредi.

Оның суреттеуiнше, ұшқыш табақша төңкерiлген тәрелкеден айнымайды екен, астында әлдеқандай сәуле шашатын өте күштi прожекторы бар, жоғары жағында iшiнен қызыл сәуле қылаң беретiн иллюминаторлар орналасқан көрiнедi. Көлемi де адам таңғаларлық үлкен, ұзындығы үйдiң жартысындай. Және ол шатырдан шамамен 30 метрдей биiкте қалықтап тұрған.

Сол түнi Таняның әке-шешесi қыдырып кеткен соң, ол қасына құрбысы Юляны шақырып алыпты. Юля да табақшаны көрiп, таң-тамаша болған. Таня тосын құбылысты жақыннан көрмек болып балконға шығам дегенше, белгiсiз ұшқыш объект ызылдап дыбыс шығарып, ғарышқа жұлдыздай ағып, ә дегенше iзiм-ғайым жоғалған.

Жас қыздардың әңгiмесiне сенбегендер жатақхана төбесiне щығып, қақаған суықта төбедегi қардың ерiп кеткенiн көрiп, жағасын ұстапты. Тылсым құбылыстан бұдан басқа ешқандай белгі қалмаған екен.

Өзге планета қонақтары біздің Астанадан не іздеп жүр екен деші…

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз