Қолдан жасалған құбыжықтар

d187d183d0b4d0bed0b2d0b8d189d0b5

Қолдан жасалған хайуандардың түрлі қатерін кинодан көріп, ойдан құрастырылған ертегілерге балайтын едік. Шын мәнінде генетик және биолог ғалымдар арқылы өмірге келген «хайуан сәбилер» жайында да жиі айтыла бастады. Айталық, жапон ғалымдары мысықтан қорықпайтын тышқандарды өмiрге әкелдi. Осы арқылы олар адам бойындағы қорқынышты жеңетiн дәрi-дәрмек жасап шығармақшы. Ағылшындар азу тiсi күштi алып мысықтарды, американдар тышқан денесiнде адамның құлағын өсiрiп шығарған. Осындай мысалдарды көптеп келтiруге болады. Және бұлардың барлығы да белгiлi бiр мақсатты көздегендiктен жасалуда. Сәтсiздiктер де болып тұрады. Уақытында араның жаңа түрiн жасамақ болған америкалық ғалымдардың еңбегi сәтсiздiкке ұшырап,  нәтижесiнде бал арасы емес, адамды өлтiруге қабiлетi бар, улы аралар өмiрге келдi. Қазiргi күнi АҚШ-та адам өлтiргiш аралардың шабуылынан жылына жүздеген адам өлсе, мыңдаған тұрғын әртүрлi дене жарақатын алуда. Ал ел үкiметi олармен күрестiң тиiмдi амалын таба алмауда.

Дүниежүзiлiк мұхит пен табиғатты әртүрлi  химикаттармен әрi басқа да заттармен ластаудың нәтижесiнде, Голливудтық киноларда көрсетiлетiн “мутанттар”  жолда қалайын деп тұр. 1965-1975 ж.ж. Вьетнамда болған соғыс кезiнде джунглиге жарты миллон тоннадай пестицидтер тасталғаны белгiлi. Нәтижесiнде жақында джунглиден бойы 5 метрге жететiн алып маймыл ұсталды. Ал “басқа хайуандар да ұзынтұраға айналмады ма» деп ойлаудың өзi артық екенi түсiнiктi. 1978 жылы Атлант мұхитында Кеңестiк су асты қайықтарының қимылын бақылауға арналған НАТО-лық бақылау станциялары бiртiндеп iстен шыға бастады. Алдымен 16 қаңтар күнi ИА-324, үш күннен кейiн ИА-325, тағы бiр аптадан кейiн келесiсi iстен шығады. Әрине, бiрден «орыстар су асты бомбаларын қолданып жатыр» делiндi. Алайда, басқа станцияларға орнатылған телекамералар арқылы бұған теңiз жәндiгi себеп болғаны анықталды. Ұзындығы 1 метрдей, диаметрi 30 сантиметрдей медуза, бақылау станцияларының автоген ала алмайтын қалың қалқанын оп-оңай тесiп өтiп, қуат берiп тұрған стронций 90-ды жұтып қойған”. Осыдан кейiн басқа да станциялар судан шығарылып, басқа отын түрлерiмен алмастырылды. 1990 жылдың ортасында Гренландия мен Канада жағалауларындағы әскери бақылау станцияларына да бiреулер шабуыл жасай бастайды. Түсiру камералары түн мезгiлiнде судан беймәлiм мақұл ықтар шығып, станцияның қуат көзi болып саналатын радиоактивтi отынды “жеп отырғанын” анықтаған. Бiр қызығы, олар күзет жүйелерiнен еш кедергiсiз өте берген. Осыдан кейiн ол станцияларда шұғыл түрде басқа қуат көздерiмен жұмыс iстеуге бейiмделiп, алмастырылған. Сарапшылар мұндай құбыжықтардың пайда болуын, атомдық су асты кемелерiнiң көптеп апатқа ұшырауы мен мұхиттардың радиоактивтi материалдармен ластануымен түсiндiруде. Сонымен бiрге соңғы кездерде «мұхит пен теңiздерде балықтар мен басқа да тiршiлiк көздерiнiң азаюынан, тереңдiкте өмiр сүретiн әртүрлi мақұлықтар қорек iздеп су бетiне шығып, адамзатқа қауiп тудыруы мүмкiн» деген де болжамдар жасалуда.

Егер ғылым мен техника осы қарқынмен дамып, ойына не келсе соны істей беретін болса, онда ертең-ақ кинолардан көретін құбыжықтардың арамызда өріп жүруі ғажап емес.

 

Дайындаған – Ж.ШАЯХМЕТ