Үш жүзден гөрі, өзге ұлттарға арқа сүйейтін Алжас Амарович толық тәуелсіздікке әлі де қарсы

Қазақстаннан шыққан танымал ақын, жазушы әрі әдебиеттанушы Олжас Сүлейменов "Қазақ әдебиеті" газетіне сұхбат беріп, Қазақстанның тәуелсіздігіне қатысты ойымен бөлісті.

 Олжас Сүлейменов: Қазақтарды біріктіріп тұрған төртінші жүз Естеріңізде болса, Олжас Сүлейменовтің "Азаттық" радиосына берген сұхбаты халықтың қызу талқысына түскен болатын.

Аталған сұхбатта Сүлейменов толық тәуелсіз болудың аса қауіпті екенін, Еуразиялық кеңістік идеясын Назарбаевтан да бұрын айтқанын жеткізген болатын. "Қазақ әдебиетіне" берген кезекті сұхбатында ақын ол ойынан әлі де айнымағанын, егер қазақтар толық тәуелсіз болса, жеке-жеке бөлініп кететінін айтты. Олжас Сүлейменовтің "Қазақ әдебиеті" газетіндегі сұхбатынан үзінді. Түпнұсқадағы тақырып - "Кім отаншыл?".  - Меніңше, сұрақтар қазақша да, орысша да болды. Мен орысша жауап бердім. Қате түсінілуі мүмкін аудармасын емес, өзімнің жауабымды беруі керек еді. Мыңдаған тыңдармандар мен оқырмандарды адастырмас үшін "еркіндік", "тәуелсіздік", әсіресе, "толық тәуелсіздік" секілді өте күрделі тақырыпты жеткілікті дайындықсыз адамдардың ақпараттық кеңістіктерде талқыламағаны жөн. Саясаттың жоғары математикалық есебін шешуге ұмтылмас бұрын, алдымен саясаттағы көбейту таблицасын меңгеріп алу керек. Көпұлтты Қазақстандағы қазақтардың "толық тәуелсіздігі" дегеніміз не?

Жүздеген ұлттардан құралған 17 миллион халқы бар мемлекеттің құрамында 10 миллион қазақтың қазір немесе болашақта толық тәуелсіз болуы мүмкін бе?

Журналистер болмасты армандамас бұрын осы сандарға ой жүгіртуі тиіс еді. Сондықтан да осындай құрғақ қиял жастар арасына да таралып кете ме деп қорқамын. 2х2=4 болатыны секілді, жер бетінде толық тәуелсіз ешбір халық жоқ, және ешқашан да болмайтынын естен шығармаған жөн. ТМД көлемінде бір ғана ұлттан құралған жалғыз мемлекет – Армения. Онда бәрі – 100% дерлік армяндар. Оларды толық тәуелсіз халық деп атауға бола ма? Шынында нағыз бақытты ма? Жоқ. Олар да басқа халықтар секілді алыс-жақын көршілерінен тәуелді! Үнемі қауіп күтумен өмір сүреді. Ғайыптан тайып аңқаулар армандағандай ұшан-теңіз байлығымыз бен ұшы-қиырсыз кең аймағымызда ат төбеліндей қазақтар өздері жеке қалғанын елестетіп көрейікші. Сонда бізді алдан не күтеді? Толық тәуелсіз, бақытты ел бола аламыз ба? Не болатынын мен болжап берейін. Бөлініп кетеміз.

Толық тәуелсіз, бақытты ел бола аламыз ба? Не болатынын мен болжап берейін. Бөлініп кетеміз.

Өткен ғасырлардан бері әлі күнге халықты біріктіретін ұлттық сана-сезім қалыптаса алған жоқ. Әзірше жергілікті аталастық, рулық, жүздік сана-сезімнің басымдығы байқалады. Бұл пікірмен ешбір саясаткер таласа алмайды. "Отаншылдардың" кейбірі "толық тәуелсіздік" туралы қызулана айта бастаса-ақ, оның негізгі ойының түбінде аталастық, рулық, әрі кеткенде жүздік пікір жатқанын түсіне қоямын.

Болашақ Адайстан туралы немесе Қазақ елінің басқа қиырларындағы осындай жобаларды естімеген ешкім жоқ шығар?

Әзірше бізді біріктіріп ұстап тұрған Төртінші жүз – Республикамыздың көп ұлттан құралған халқы. Қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін де Төртінші жүзді сақтау керек. Толық тәуелсіздік туралы қиял - қай халық үшін де қауіпті саяси инфантилизм. Анығырақ айтқанда, балалық аңқаулық. Планетамыздағы алыс-жақын көршілерімізбен өзара тәуелділігіміз туралы білігімізді үнемі жетілдіріп отыруды естен шығармауымыз керек. Мыңдаған жылдар өзара қарым-қатынастағы, 7 мың километрге созылып жатқан ресми ортақ шекарамыз бар Ресейден толық тәуелсіз бола аламыз ба? Немесе Қытайдан? Сондай-ақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Әзербайжаннан? Қазір де, ешқашан да бола алмаймыз!

Әзірше бізді біріктіріп ұстап тұрған Төртінші жүз – Республикамыздың көп ұлттан құралған халқы. Қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін де Төртінші жүзді сақтау керек.

Тағы да косып айтарым: Қазақтар түгілі, 17 миллион халықтың иелігіндегі мұнайы, металы, алтыны, күмісі, ураны, көмірі – Менделеев таблицасының бар байлығына тұнып тұрған 2 миллион 700 мың шаршы километр аймаққа қоса жүздеген миллион гектар құнарлы егіс алқаптары мен жайылымдық жерлері бар мемлекетімізге де көршілерінен толық тәуелсіз болуға болмайды. Ауылда өскендердің санасында аталастық, рулық ұғым дамыған. Астанаға (Астана немесе Алматы) келген жастарда жүздік түсінік пайда болады. Уақыт өте осы солқылдақ таным ұлттық сананы қалыптастыра бастайды. Өйткені, қалада ауылдан келгендерді бір атаның, рудың немесе жүздің өкілі деп емес, қазақ деп қабылдайды. Мұндай қарым-қатынас адамға оның алдымен қазақ, содан кейін барып қана бір атаның, рудың, жүздің өкілі екенін ұғындырады. "Мәмбеттің" ұлттық сана-сезімі осындай күрделі жолдармен дамиды. "Шалақазақтың" үлгісі қарапайым.

Ауылда өскендердің санасында аталастық, рулық ұғым дамыған. Астанаға (Астана немесе Алматы) келген жастарда жүздік түсінік пайда болады.

Мен Алматыда тудым. Орыс, ұйғыр, өзбек және де басқа ұлыстардың арасында өстім. Біздің шаңырақта ешкім де қай рудың, қай атасынан тарайтынын есінде ұстамайтын. Қазақ екенімізді ғана білетінбіз. Және айналамыздағы бөтендер жиі-жиі ескертіп қоятын. Кейде біздерге, балаларға қатты ескертетіні сондай, үнемі жұдырығымыз түюлі тас-түйін жүретінбіз.

Ауылдықтарға қарағанда, қалалық қазақтардың ұлттық сана-сезімі ертерек дамыды. Анығырақ айтқанда, бөтен орта бізді отаншылдыққа мәжбүрледі. Өз халқыммен мақтанғым келді.

Ашығын айтқанда, бізді құтқаратын - Ресеймен тарихи қалыптасқан достығымыз! Нағыз қазақ отаншылдары осыны мойындауы тиіс, ал бұл достықты бұзуға тырысатындар – шындығында Қазақ елінің болашағына қарсы әрекет жасап жүргендер.

Источник: NUR.KZ