Президенттікке кандидат Т.Сыздықов тіл комиссиясынан сүрінбей өтті
2015 ж. 10 наурыз
2928
9
Астана. 10 наурыз. Baq.kz - Коммунист Тұрғын Сыздықов лингвистикалық комиссия сынағынан сүрінбей өтті, деп хабарлады 24.kz тілшісі.
Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан ұсынылған үміткер бүгін емтихан тапсыруға бірінші болып келген еді. Сынақ 3 кезеңнен тұрды. Оның бірі – шығарма жазу. Тұрғын Сыздықов «Біздің күшіміз бірлікте» деген тақырып аясында ойын жазып шыққан. Өмірбаян деректеріне тоқтала кетсек, үміткер Тұрғын Сыздықов 1947 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы – ғалым-агроном. Айта кететін жайт, Тұрғын Сыздықов – партия атынан емтихан тапсырып отырған алғашқы үміткер. Осы күнге дейін лингвистика комиссиясы алдына тек өзін-өзі ұсынған азаматтар келген болатын. Сонымен ҚР ОСК берген соңғы мәліметтер бойынша, өтініш берген 14 үміткердің әзірге тек екеуі ғана лингвистикалық комиссия емтиханынан өтті. Алда олар ҚР ОСК-на қол қою парақтарын жинап келуі тиіс. Ал бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова қол қою парақтарын жинау мерзіміне өзгерістер енгенін мәлімдеді.