Ғаламшардың шіріген байларының жаңа тізімі

5
2661

Forbes журналы ғаламшардың шіріген байларының жаңа тізімін жария етті. Биылғы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша ақшаның бетіне қарамайтын адамдардың қарасы көбеймесе, азаймаған. Демек, ғаламдық дағдарыс жекелеген жандарға анау айтқандай әсер етіп жатпаған екен…

Осы тізімнің жуан ішіде бір топ қазақстандық қалталылардың болғандығына мақтанып отырмыз. Әлемнің ең бай адамдарының тізіміндегі отандастарымыздың тізімі былай анықталады:

Болат Өтемұратов – 2,6 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 714-орында тұр.

Алиджан Ибрагимов – 2,2 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 847-орында тұр.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар – 2,1 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 894-орында тұр.

Владимир Ким – 1,8 млрд. АҚШ доллары бар, әлемдік тізімде 1054-орында тұр.

Айтпақшы, әлемнің бай адамдарының үштігін Билл Гейтс (79,2 млрд. АҚШ доллары бар), Карлос Слим (77,1 млрд. АҚШ доллары бар) және Уоррен Баффет (72,7 млрд. АҚШ доллары бар) бастап тұр.

Abai kz

5 ПІКІРЛЕР

  1. Қызы мен күйеубаласын институт есігін жабысымен миллиардер еткен Н.Назарбаевтың байлығын Форбс журналы 2013-жылы 20 миллард доллар деп еді, бүгінде қанша болды екен? Ол жылы Путиннің ақшасы 40 миллиард доллар болып, 1-нші орында еді, біздікі 3-орын алған, енді бүгін Путиннің қапшығында 200 миллиард доллар бар екен, яғни Назарбаевтың қапшығында да кемінде 100 млрд доллар бар шығар? Ал анау Алиджан Ибрагимовты, Шодиевті, Машкевичті «Невада- Семей» АҚ Қорынан миллиардер етіп аттандырған Олжас Сүлейменов құпия (астыртын) миллиардер деуге бола ма? Болады! «Олжас баспасын» жалақысы мен пенсиясын жұмсап ашып отыр ма? Немесе Дариға Назарбаева ше? Оның ұлы Айсұлтанда 40-80 мың долларлық он шақты авмашина бар екен, интернетте суреттерімен тұр, ол да миллиардер емес пе екен? Қайран Қазақстанның тал :koisai: апайға түскен байлығы-ай!..

  2. Байлар дейсиз ба? Басы истемесе адам бай болады ма? Акылдынын тапкан акшасы кандай жолмен тапса да. Кедеймиз дейсиз бе? МиЫнызды истетсениз кедей болмас единиз…

  3. Байлар байыған үстіне баюда. Кедейлер құлдырап барады. Аш-көздік пен тойымсыздық обыр ауруы сынды, әлемді қусырып барады. Жалпы жер бір шоғыр, ат төбеліндей ғана «қатты байып кеткендердің» қолына өтуде. Профессор О.Сабденнің пайымдауынша ғаламшарды кәдімгі үй деп қарасақ, әлемді қоршаған 6 компоненттің ең маңыздысы РУХАНИЯТ әлгі үйдің табынында, подвалда орналасқан.Әлгі тойымсыздық обыры секілді компоненттер(олардың ғылыми атауы бар) – шатырға шыққан. Енді біраз уақытта осылай кете берсе, «Ғаламшар» атты үй қирағалы тұр. Бұл мәселе, дүниежүзі ойшылдарын алаңдатып отыр дегенді айтты ғалым. Сіздер не дейсіздер?!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз