Алматыда қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев ұсталды

3
1743

Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы генерал Әмірхан Аманбаев ұсталды, деп хабарлайды Астана құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

 Алматыда қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев ұсталды
«2 наурызда сағат 20.00 шамасында Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ басқарған деген күдікпен генерал-майор Әмірхан Аманбаев ұсталды»,- деді сұхбаттасушы агенттікке.

Бұл ретте ол 55 жастағы Әмірхан Аманбаевты ұстаған кезде оның денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылғанын айтты.

Дереккөз ақпарынша, Аманбаев қаржы полициясының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі болып қайта құрылғасын оның бас прокуратура департаментінің бастығы қызметіне тағайындалғанын айтты.

«Ағымдағы жылдың ақпан айында жалған кәсіпкерлікпен айналысқан, ұйымдасқан қылмыстық топ   құрған деген күдікпен оның бұрынғы қол астындағыларын, Алматы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің қызметкерлерін ұстағаннан кейін күдікті мәліметтер шыға бастады. Ал Әмірхан Тапашұлының жақын адамдары бұрынғы бастықтарына қарсы ақпарлар берді. Осылайша, Аманбаев бас прокуратурадағы жоғары лауазымынан өз еркімен кетуіне тура келді», – деп толықтырды сұхбаттасы.

Әмірхан Тапашұлының жақын адамдары бұрынғы бастықтарына қарсы ақпарлар берді. Осылайша, Аманбаев бас прокуратурадағы жоғары лауазымынан өз еркімен кетуіне тура келді.

Әр жылдары Әмірхан Аманбаев Қостанай және Қарағанды облыстарының прокуроры, әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы, әділет министрінің орынбасары болған.

2012 жылдың ақпанынан бастап Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің бастығы.  2014 жылдың күзінде экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігінің қайта құрылуына байланысты бас прокуратураға жұмысқа ауысқан.

Еске салсақ, 2015 жылдың ақпанында Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Ол ұзақ уақыт бойы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың, соның ішінде қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлерінің бүркемелеуімен жалған кәсіпорындар құру арқылы ақшалай қаражатты қолма қол ақшаға айналдырумен айналысып келген.

Ұйымдасқан қылмыстық топ  қатысушылары 20 жалған кәсіпорын құрған, 2012 жылдың қазанынан бастап 2014 жылдың желтоқсаны аралығындағы олардың айналымы Т60 млрд астам болған.

Ал олардың қызметінен бюджетке төленбеген салық түріндегі шығын Т4 млрд асқан. Сотқа дейінгі тексеру аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың  8 қатысушысы Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар: С.Ильин, В.Федотов, Б.Баудинов, Т.Каримов, А.Зубарев, Д.Абдиев, Р.Есенжанов және Н.Шаукеров.

Источник: КазТАГ

3 ПІКІРЛЕР

  1. ОН был Прокурором Костанайской области , Я ему обращался ,когда не смог получить ,зарплату за строительства Амантогайской МЕЧЕТИ (ныне Амангельдинского района) и ему писал ,Акимы и ИМАМ украли деньги который собрал НАРОД для строительства МЕЧЕТИ .Он как Прокурор ничего не сделал с Акимом и ИМАМОМ Амангельдинского района .БОГ ЕМУ Судья . прямо так написано в 47. суре СВЯЩЕННОГО КОРАНА. А ему туда дорога. Пусть ВСЕ деньги вернет в КАЗНУ Р.К. Вот тогда будет справедливо .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз