Қазақстан тарихында ең қомақты пара алған шенеуніктің жазасы жеңілдетілді

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот коллегиясы "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының экс-басшысы Ғабыллатып Мырзақұловқа бас бостандығынан айыру жазасын 12 жылдан 10,5 жылға азайтты.

Қазақстан тарихында ең қомақты пара алған шенеуніктің жазасы жеңілдетілді

Габыллатып Мырзақұлов

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды. "Мырзақұловқа 311 б. 5 т. бойынша тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын 10 жыл 6 айға дейін азайтып, жеке мүлкін тәркілеп және 7 жылға дейін мемлекеттік қызметте істей алмайтындай етіп өзгертілсін", - деді кассациялық сот коллегиясының төрағасы Тілектес Барпибаев дүйсенбі күні сот отырысында. "Астананың коттедж қалашығындағы пәтерді тәркілеу тоқтатылсын. Сот актісінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын", - деді ол. Бұрындары сотталған "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының экс-басшысы Ғабыллатып Мырзақұловтың туыстары қалалық сотта тәркіленген 70 млн теңге мүліктерін кері қайтарып алуға әрекеттенген. Сот отырысында жарияланған мәліметтерге сай Мырзақұловтың бизнеспен айналысатын әйелінен 2 пәтер, қызынан котедж тәркіленген. Адвокаттың айтуынша, Мырзақұловтың қызы 900 мың теңге жалақы алатын, сондықтан ол өз қаражатына жылжымайтын мүлік ала алады. Бұрын хабарланғандай, Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының экс-президенті Габыллатып Мырзақұловты мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет органдарында жұмыс істеу құқығын 7 жылға айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Гавыллатып Мырзақұлов жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды.

Источник: КазТАГ