Назарбаева: Арендалық пәтерді жалға беруге тыйым салынады

Арендалық пәтерді жалға беруге болмайды. Бұл туралы бүгін Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева айтты.

 Назарбаева: Арендалық пәтерді жалға беруге тыйым салынады "Өңірлерді дамыту жөніндегі мақұлданған бағдарламада қатысушыларға жалдамалы тұрғын үйді алған сәттен бастап екі жылға дейін бірқатар шектеулер енгізілген. Яғни, олардың пәтерді жалға беруіне, сыйға тартуына немесе айырбастауына болмайды", - деді Назарбаева "Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының" орындалуын қадағалайтын қоғамдық кеңестің бірінші отырысында.

Оның айтуынша, бұл шектеулер "Нұр Отан" партиясы фракциясының ұсынысы негізінде қолға алынған. "Бүгінгі таңда мемлекеттік әлеуметтік жалға берілетін пәтерлердің төлем көлемі баспанаға мұқтаж жандарға қолжетімді екендігін баса айтқым келеді", - деді  Дариға Назарбаева.

Источник: ИА "Казинформ"