Тұрсынбек КӘКІШЕВ, ф.ғ.д. профессор: СЕН АЙТПАҒАНДА КІМ АЙТАДЫ?

d182d183d180d181d18bd0bdd0b1d0b5d0ba-d0bad0b0d0bad0b8d188d0b5d0b22

Мен «Жас қазақ үні» газетін үзбей оқып келе жатқандардың қатарындамын. Қазір әр салаға арналған, тіпті пысықтығы жеткендер өзінің басылымын шығаратын деңгейге жетті ғой. Тәуба! Оңынан болсын.

Ал, Қазыбек Иса сынды ақынның « Жас қазақ үнін» шығарып, ел сөзін айтуға ниеттенген қадамын әбден құттықтаймын. Жарбаңдау мен жәттаудың қанат жайған кезінде өзіңнің бетіңді көрсетіп, үніңді таныту оңай шаруа еместігін осы газеттің 10 жылғы өмірінен де аңғаруға болады. Қазір газеттің тісі түгел шығып, азуы бар екендігін таныта бастағаны қуантады. Себебі елдің сөзін, қажетін, мүддесін қазақ зиялылары, әсіресе бай қазақтар емес, жас қазақтар айтып, іске асырып жатқанына қуану керек.

Азуы алты қарыс Абылайдың артық-кемін айтқан көмекей әулие Бұхар жырау болса, бүгінгі толысқан шағымызда ел сөзін зиялыларымыз айтуға тиіс. Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып кету интеллект иелеріне жараспайды. Олардың тәтті де ащы, уытты да ақылды сөздерін жоғарғылар шам көрмей, құлақ асып отырулары керек. Осыны «Жас қазақ үні» апталығы айғайлатпай, шулатпай, дүрліктірмей айтып келе жатқанын анық байқаймын. Әдеппен, Санамен жасалған іс нәтиже бермей қоймайды.

Алдарыңан ақ күн тусын!