Қазақстан тағы 10 ел үшін визасыз режим енгізбек

Қазақстанда тағы 10 ел үшін визасыз режим енгізу қарастырылуда, деп хабарлады Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев.

Қазақстан тағы 10 ел үшін визасыз режим енгізбек "Біз біржақты тәртіпте 10 ел үшін визасыз режим енгіздік. Қазір қосымша тағы 10 елге енгізу мәселесі қарастырылуда", - деді Сағадиев жұма күні қазақстандық-түріктік бизнес-форумда. Оның айтуы бойынша, визалық режимді либералдау, 10 алғашқы ел тәжірибесі көрсетіп отырғандай, туристер мен инвесторлардың күрт көбеюіне алып келеді. "Біз қосымша сұрап отырған елдер, олар ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары) елдері, еуропалық және азиялық елдер де көп. Қазақстанға ең көп инвестиция салып отырған елдер сол 10 елге қосымша. Бұл мәселе бойынша әлі шешім қабылданған жоқ, сондықтан, мүмкін қандай-да бір өзгерістер болатын шығар, мен қазір (визасыз режим енгізілетін елдерді) айта алмаймын. Бұл дұрыс болмаған болар еді", - деп түсіндірді вице-министр. Еске сала кетсек, 2014 жылдың 12 маусымда президент маңындағы Шетел инвесторлар кеңесінің Бурабайда өткен отырысында елбасы Назарбаев Қазақстанда 10 елдің азаматтары үшін біржақты визасыз тәртіп орнатылатыны жөнінде хабарлаған болатын. Кейін Қазақстан үкіметі АҚШ, Нидерландия, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея Республикасы және Жапония елдері үшін 2014 жылдың 15 шілдесінен бастап 2015 жылдың 15 шілдесі аралығына визасыз режимді орнатты. Сосын СІМ-і тағы да бірқатар елдер үшін визасыз режим мүмкіндігін қарап жатқандарын мәлімдеді.

Источник: КазТАГ