Назарбаевтың суреті салынған кілем $25 мың сатылып жатыр

Өскеменде құны 25 мың доллар тұратын кілем сатылып жатыр деп хабарлайды ult.kz.

Өскеменде Назарбаевтың суреті салынған кілем $25 мың сатылып жатыр<br />
Қолдан тоқылған кілемде түркі елдерінің басшылары түгел бейнеленген. Арасында әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бар. Бұйымның иесі мұндай кілем әлем бойынша 6-ау ақ деп отыр. Бағалы кілемді сату туралы жарнама olx.kz сайтына жарияланған. Кілем қабырғаға ілуге арналған, түйенің жүнінен тоқылған. Кілемнің иелері қолдан жасалған кілемдер 2001 жылғы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммитіне арнайы тоқылғанын айтады. Әуелде бұл кілемді Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың ағасы сақтап келген. Кейін кілем ортаазиялық қорықтардың біріне тегін сыйға тартылыпты, ал қазақстандық азамат кілемді сол жерде 25 мың долларға сатып алған. Кілем иелері енді оны алған бағасына сатып жібермек. Бірақ, бұл кілемнің көшірме не түпнұсқа екенін анықтау мүмкін болмай отыр.

Источник: Ult.kz