Ресейлік басылым «Қырымды басып алу жоспарын» жариялады

9
979

Ресейлік «Новая газета» басылымы Кремль Украина экс-президенті Виктор Янукович биліктен кетуге екі апта қалғанда даярланды делінген Қырымды басып алып, Шығыс Украинада «сепаратизмді» тұтатуға шақыратын құжатын жариялады.

 Ресейлік басылым
Газеттің 25 ақпандағы санында Ресей Украинадағы жағдайды бақылауда ұстауы үшін қабылдауы тиіс қадамдары көрсетілген меморандум басылды.

Басылым құжат 2014 жылғы ақпанның 4-і мен 12-сі аралығында дайындалғанын және оның артында әсіре ұлтшыл көзқарастағы ресейлік олигарх Константин Малофеев тұруы мүмкін екенін айтады.

Малофеевтің өзі айыптауды жоққа шығарады. Меморандумда украиналық олигархтардың Киевтегі Майданда болып жатқан оқиғаларды бақылаудан шығарып алғаны, Киевтегі наразылық акцияларын «Польша мен Ұлыбритания арнайы қызметі басқарып отырғаны» айтылады.

Құжатта бұған қоса Янукович билігі құлайтыны болжанып, Мәскеуге Қырым мен Украинаның шығыс бөлігін өзіне қосып алу үшін Еуропа Одағының автономиялық аймақтарға қатысты заңдарын пайдаланып қалу керектігі көрсетілген.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков меморандумды «қолдан жасалған» деп мәлімдеді.

Источник: Азаттық

9 ПІКІРЛЕР

  1. Ардақты Қазыбек бауырым, биліктің тролдары жиі отыратын болғандықтан, газеттің барлық жағынан беделі артып жатқанын, нақтылы 4-ші билікке айналып жатқанын көруге болады. Өйткені, оларда да қызғаныш сезімдері бар емес пе, билік қашан кіммен бөліскісі келген қолындағысын)))

  2. 28.02.2015.года не далеко от Кремлевских стен застелен на смерть Борис Немцов один из главных политических апанентов ВВП. Стреляли из пистолета четыре раза,надо же и киллери спокойно уехали на авто.

  3. Бұлардан сақтану керек. Түсінген адамға мерзімінен бұрын өтетін сайлай осы секілді қауіп қатердің алдын алу.

  4. Россия давно перешел на информационную войну , так как ,ложная информация обеспечит 33% процента успеха в военных действиях.Казахстану надо хорошо готовится к возможным военным действиям . Увеличит материальные запасы ,и обеспечить ТЫЛ. Тогда будем спать спокойно . А спать три раза по молится ,нам не поможет НИ кто . АЛЛА ның өзі айтқан сақтансаң сақтаймын деп ,Имам дардың айтқанына мәзболып ,аспанымыз ашық болсындеп ,арам өліп қалмау керек.Не зря говорят что ПОБЕДИТЕЛЯ НЕ СУДЯТ.

  5. Бұл жерде барлық фактілерге негізделіп барып, мәлімдеме жасалу керек сияқты, ал алыпқашпа әңгімелер ешкімге де пайда әкелмейтіні белгілі.

  6. Шүкір мындай жағдай елімізде болмай ақ қойсын. біздің президентіміздің ұстаған саясаты мені қатты қуантады.елімізде тиыштық болғанына Рахмет айтуымыз керек

  7. Россия с такими выходками , останется при своих интересах: 1 — Останется как СЕВЕРНАЯ КОРЕЯ
    2 — РОССИЯ ,после развала останется ,разделенными на 50 Народных республик , в худущем виде или в СВОЕМ ЗОЛОТОМ КОЛЬЦЕ 12 — века . ВЫ все Историю хорошо знаете.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз