Жаңа фильмнің бағы жана ма?

d0bad183d0bcd181d0b0d0b3d0b0d182-d184d0bed182d0be10-d181d0b5d1803d0ba-d0bfd0b5d0bd-d0b1d0b5d1803d0ba

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы халыққа және бір елең еткізер жаңа фильм ұсынбақ. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, Асқар-Мұхит Нарымбетовтің басшылығымен фильмнің шым-шытырық оқиғаға толы түсірілімі өтіп жатыр.

Фильмнің азан шақырып қойға аты - «Серік пен Берік» болатын. Қосарланған екі бірдей емімді фильмге ауыр көрген режиссер «Братья» деген заманауи есімді ойлап тапқан екен. Басты рөлдерді Ғабит пен Сәбит Мұстафалар сомдайтын кинолента жанры бойынша жастар киносы. Қазақстанда соңғы кезде сән үлгісіне айналғандай, фильм қазақ және орыс тілінде шығады. Ал ұзақтығы 90 минутқа жетпек.

  «Ауыл мен қала өмірі, қылмыс пен қырғын, махаббат пен жауыздық та бар отандық фильмді назардан тыс қалдыру мүмкін емес», - дейді сценарийдің авторы Ғалия Елтай.