Ердоғанды келеке еткен бұрынғы "Түркия аруы" түрмеге қамалуы мүмкін

"Түркия аруы-2006" байқауының жеңімпазы Мерве Бюйюксарач ел президенті Реджеп Тайып Ердоғанды келеке еткені үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ердоғанды келеке еткен бұрынғы Мерве Бюйюксарач

26 жастағы арудың қорғаушысы Емре Телджи хабарлағандай, Стамбұл прокуратурасы Instagram әлеуметтік парақшасында жазылған жазба үшін "Түркия аруын" қамауды талап етіп отырған көрінеді. Бойжеткен Instagram парақшасында Uykusuz сатиралық журналында шыққан "Көсем поэмасы" деген мақаламен бөліскен болатын. Онда Түркия әнұранына пародия жазылған. Дегенмен, бұл жазба кейін инстаграмнан алынып тасталынды. Бюйюксарач өзінің кінәсін мойындамай отыр. Айтуынша, ол мақаланың авторы болмағандықтан ешқандай жауапкершілікке тартылмауы тиіс. "Мен өзіме күлкілі деп танылған цитатаны парақшама орналастырдым, оның авторы мен емес. Ердоғанды мазақ ету ойымда болған жоқ", - дейді ол.

Источник: BAQ.KZ