Кезектен тыс сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап Bnews.kz.

"Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, президенттің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындалсын. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін. Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын", - деп көрсетілген құжатта. Сонымен қатар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетілуін, осы жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуін елбасы қаулы етті.