Қазақ интернетіне тұсау болып отырған кім?

d0bad183d0bcd181d0b0d0b3d0b0d182-d184d0bed182d0be10

«Қазақ интернеті» қоғамдық ұйымы­ның өкілі Б. Бөтеевтің айтуынша, қазақ интернетінің дамуының тоқтап тұрған себебі тілге келіп тіреледі. Егерде барлық депутаттар мен билік өкілдері мемлекеттік тілде сөйлегенде, қазақ интернетінің керегесі кеңге жайылып, көсегесі көгерер еді.

Осыған орай, үкімет жағынан қажетті жәрдем көрмегендіктен, ақпаратқа ынталы адамдар бұл жайды қолға алмақ.

  Интернеттік бастаманың жанашыры Айгүл Кохаеваның айтуынша, Қазақстандағы Zero . kz сайтындағы нәтиже бойынша, қазақ тіліндегі сайттар мыңнан 4% - ды құрайды екен. Бұл жағдайды назарсыз қалдыру мүмкін еместігін айта отырып, Айгүл Айтжанқызы мемлкеттік тілдегі сайттар санын арттыруды ұсынады.

Бастамашыл топ жетекшілерінің айтуынша қазіргі таңда қанша орыс тіліндегі сайттар болса, қазақ сайттарының санын да соған жеткізу көзделген.

Неғұрлым сайттар көп болса, соғұрлым тілді де, қазақтарға интернет сияқты жаңа технологияларды да жетік дамытуға мүмкіндік туар еді.