Испания Әблязовтің экс-оққағарына саяси баспана берді

Баcшыдан бұрын қосшының жолы болды! Испания соты Мұхтар Әблязовтың оққағары Александр Павловқа саяси баспана беру туралы шешім шығарды деп хабарлайды КТК арнасы.

Испания Әблязовтің экс-оққағарына саяси баспана берді Александр Павлов

Алаяқ банкирдің лаңкес оққағары былтыр жазда Испаниядан саяси баспана сұрағаны белгілі. Ал Павловты Қазақстанға қайтарамыз-қайтармаймыз деп мың құбылған Испания билігі ақыры оның тілегін орындап отыр. Саяси баспана алған адам қылмыскер саналмайды. Сондықтан Павловты да енді Қазақстанға экстрадициялауға ешкімнің құқы жоқ. Әблязовтың оққағарына елімізде аса ауыр айыптар тағылған. Бастығының жеке тапсырмаларын орындаған ол 2012-ші жылы Алматыда бірнеше лаңкестік әрекет жасамақ болды. Әрі ондаған экономикалық қылмыстарға да қатысы бар. Испанияға қашар алдында Павлов БТА банкінен 22 жарым миллион долларды қолтықтай кеткен. Ал, салымшылар ақшасын миллиардтап жеген Әблязовтың өзі 2 жылдан бері Франция түрмесінде жатыр.

Источник: Азаттық