ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ - БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ

Елбасымыздың халыққа Жолдауында  басты жеті бағыт­тың бірі сыбайлас жемқорлық­пен күрес деп айтып, 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттің бағдарламасында сыбайлас жемқорлықтың  әлеу­меттік –экономикалық  даму мен нарықтық экономика құрлысы процесттерін, инвестиция тартуды тежейтінін атап өтті.

 Қазіргі таңда  Еліміздегі бүкіл мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар  заңға сәйкес, өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті. Осы мәселелер жайлы Қаржы министрлігінің Салық комитеті сыбайлас жемқорлықпен  күрес бойынша жалпы ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруы мақсатында  Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлықпен  күрес стратегиясын жасап, осы арқылы салық қызметі органдарының өз ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік  дәріптеліп, салық қызметінің жоғары тиімділігіне қол жеткізу жайы нақтыланды. Стратегияның мақсаты – салық органдарында сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-әрекет жүйесін жетілдіру, салыққа қатысты барлық салада жемқорлықты жою шараларын іске асыру. Осыған қарасты жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр.

 

Әбдуәли ЖАНҰЗАҚОВ,

Алматы қаласы  Алмалы аудандық Салық басқармасы 

бас инспекторы