Кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуір күні өтеді

Akorda АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 сәуір күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы 25 ақпан күні Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде хабарлады. Конституцияның Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселелерін реттейтін 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Президенттің кезектен тыс сайлауын жеке-дара тағайындауға айрықша құқығы бар. Елбасының Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдауына Республика Конституциясы қандай да бір шарттар мен шектеулер қарастырылмаған.         Басты сөздер: Қазақстан Президенті , Қоғам , Сайлау