«АҢДАМАЙ СӨЙЛЕГЕН АУЫРМАЙ ӨЛЕДІ»

27
3865

Қазір елімізде президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы ҚХА ұсынысын қолдаушылар саны күннен-күнге артып келеді. Алдымен Мәжіліс депутаттары жүз пайыз қолдап, тіпті, Елбасымыздың атына алғашқылардың бірі болып үндеу де жолдап жіберді. Президент және Мәжіліс депутаттары сайлауын келер жылы қабаттастырмай биыл өткізіп, алдағы жылы күтіліп отырған дағдарысқа қарсы білек сыбана кіріспекшіміз. Бұл да дұрыс шығар, дағдарыс деген дүлейді бес қаруымызды асынып қарсы алуға қолбасшы қайтсек те керек болады.

Әдеттегідей Мәжілістен кейінгі соңғы сөзді Сенат айтты. Пәрменді Парламентіміздің жоғарғы палатасы да бұл шараны ертерек өткізудің маңызы зор екенін атап, бірауыздан құптады. Дәлірек айтсақ, бір ғана ауыз адасып, қалғандары толықтай қолдады. Әрине, қалай дауыс берем десе де әркімнің өз еркі, бұл жерде ешқандай қысым болмауы керек. Демократия! Әрі-беріден соң бір дауыс ештеңені шешпейді. Әйтсе де қатаң тәртіпке үйренген, сымдай тартылған сенаторлардың сабын бұзған «тәртіпсіз сарбаз» бір сағат өтпей қайта орнын тапты. Талқылаудың соңында маңызды мәселені тағы бір дауысқа салған Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев өз қарамағындағылардың толықтай бір қатарда тұрғанына көз жеткізді. Сөйтсек, техникалық ақаулардың салдарынан бір сенатордың дауысы далаға лағып кетіпті. «Жұрттан жырылып, жырақ кеткен кім екен?» деген журналистердің сұрағы жауапсыз қалды.
«Түймені басқанда кейде қателеседі. Солай болды ғой деймін. Жаңадан басқанда 42 болды ғой. Сондықтан басында бізге де ұнаған жоқ. Түсініксіз. Есі дұрыс адам осындай үндеуді қолдау керек. Менің ойымша, Сенатта отырған депутаттардың бәрінің есі дұрыс» – деді сенатор Мұхтар Алтынбаев та. Дұрыс айтасыз сенатор мырза, бір-біріңізді күнделікті көріп жүрген соң кімнің дарынды, кімнің дертті екенін сіздер жақсы білесіздер. Құдай сақтасын, бүкіл халық жатса да, тұрса да өздері сенім артқан депутаттарының денінің саулығын тілейді, өздерінің емес, алдымен сіздердің жағдайларыңыздың жайлы болғанын қалайды. Депутаттардың естерінің дұрыстығына да ешкімнің күмәні жоқ, тіпті, теріс дауыс берсе де. Қарсы дауыс беру үшін де белгілі бір ой түрткі болады емес пе, ал өзіндік ойы бар адамның есі дұрыс емес деп кім айтты? Айтайын дегеніміз, ана тілімізді жете меңгермегендіктен бе, әлде басқа да себептері бар ма, еліміз бетке ұстаған кейбір айтулы азаматтарымыз кейде не айтқанын өздері де аңдамай қалады, саптар сөзін сараламайды. Яғни, ойын нақты білдіру мен сөйлеу мәдениеті жетісе бермейді. Бұл депутаттарға ғана емес, министрлер мен түрлі деңгейдегі әкімдерге де қатысты жағдай. Бұндайда «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген екен қазақ атамыз. Көпшіліктің көз алдында, жоғарғы орында отырған соң әрбір сөздің астарын аңдап, маңызына мән беріп барып айтқан жөн. Талғат Мамашев сияқты «ұрып» өте беруге болмайды. Өйткені теледидар алдында үлкендермен бірге балаларымыз да отырады ғой. Одан қалды, өзімізден басқа шетелдіктер де сіздердің дуалы ауыздарыңыздан шыққан әрбір сөзді аңдып отырғанын ұмытпаңыздар.

Зейнолла АБАЖАН

27 ПІКІРЛЕР

  1. Аңдамай сөйлегеннің ауырмай өлетінін Қазақ жақсы біледі, дұрысын айтқанда бұл ілкімді істердің жолында жасалып жатқан игі істердің барысындағы аздаған кемшіліктерғой.

  2. Алда болатын істерге, келе жатқан қиындықтарға осы бастан қол ұстаса қарсы тұрғанымыз дұрыс болар, кішкентай істерді сөз еткенше осындай үлкен берекеге шақырайық.

  3. Осы сайлаудың болғаны дұрыс екенін осы отырыста барлығы мақұлдаған, техникалық ақаудан болар бір адам аз қателесті, бірақ дұрысталды, осындай қолдауға ие болып тұрған қадам, нағыз дұрыс қадам деп санаймын.

  4. Өз арамыздан аса алмай, сәл ағаттық болса сынамалай бергеннен ұтпаймыз, жұдырықтай жұмылып, алдағы болатын қиындықтардан аман өту үшін, орай болып тұрған сайлауға атсалысуымыз керек.

  5. Бірлік түбі тірлік демейме, ендеше не үшін осындай жағыдайларда, бір-біріміздің етегімізден тартпақпыз, қолдау білдіріп, қуаттағанымыз дұрыс болмаспа.

  6. Қалай болғандада алыста жүрып, болып жатқан істерді алыстан бақылап, сүрініп кетсе, итере салардай болып жүру ешқандай жақсылық әкелмейді деп ойлаймын, онанда тірлікке тындырымды жұмыс істейік.

  7. Ол азаматтар Елбасымыз туралы бізденде жақсы біледі, ел үшін бізденде көбірек ойланады, сондықтан әрбір атқарып жатқан істеріне береке тілейік.

  8. Кезектен тыс сайлау өткізіп, ел үшін иігі істер атқарсақ деген азаматтардың жақсы ниеттеріне кедергі келтіріп, басқа жаққа бұрмалаудың қажеті жоқ.

  9. «Демократиялық қоғам орнатамыз «-деп қақсап келе жатқанымызға 25 жыл өтті,Ал сол демократияны былайша жұртқа үлгі қылып көрсететін,өздері бастайтын Жоғарғы Палата бір сенатор қалайша «қарсы» шықты деп,оны техникалық ақауға жатқыззып жатса,мұны көріп отырған Еліміздің болашағы -ЖАСТАР сонан кейін НЕНІ ойлайды???»,Бұл -бір ! Ал екінші – 2016 жылғы өз кезегімен келетін Президент сайлауын неге биыл өркізуге құштар боп отыр қазіргі Билік?

  10. Бұл жерде АТТИЛА дан басқа дұрыс комментарий жазған ешкім де жоқ екен,осы барлық комментарийды жазған бір ак адам.Окып көрдім еш қандай маңыз бермей ,тақырыпты оқымай жаза берген.

  11. Ащ, менде сиздермен толыктай келисемин. Казак тилин жетик менгерсек екен. Оз тилимизде сойлегенге не жетсин. Бара бара казак тилинен орыс тилине кошип кетпесек болганы.

  12. Мемлекеттің тұрақтылығы жолында жасылып жатқан барлық шаралар қоғамнан кең қолдау тауып жатады. Бұл өте қуантарлық нәтиже.

  13. Егер ел болуды ойласақ осындай саяси бағдарламаларға көптеп қолдау білдіруіміз керек. Ол біздің сыртқа көрсететін басты өнегеміз.

  14. Мақала авторының не айтқысы кеп тұрғаны көзі қарақты оқырманға түсінікті. Десек те сайлау уақыт сұранып тұрған саяси, маңызды науқан.

  15. Бұл мақала құашақтап тұрып пышақтап тастағандай екен. Негізі бір депутаттың шатасқаны үшін еліміздің билік жүйесін мұнша сынауға болмайды.

  16. Сайлау үшін бір ауыздан дауыс беріп, қолдап жатқандарды көріп жүрміз. Бұны олардың ауызбіршілігі деп қабылдау керек.

  17. «Ащ» өте дұрыс айтады, негізі өкімет кадрларын қазақ тілі емтиханынан өткізіп барып, қазақша еркін сөйлетіндей болғанында ғана жұмысқа алған жөн, әрине оны өкімет өзі шешеді, біз тек айтамыз, айтамыз, басқа не келсін қолымыздан.

  18. Қазақстанда орыс тілін білмейтін бірді-бір үкімет қызметкері ЖОҚ , ал , қазақ тілін еш түсінбейтін, түсінгісіде келмейтін, керек десеңіз менсінбейтін үкімет қызметкері жетеді…. оны қойшы, ӘНҰРАНды білмейтін адамдар қалай депутат болатынын түсінбеймін…

  19. ВЫ вовсе правильно написали эту статью ,она нам не обходим . Я тоже отслеживаю что происходит в портале «Қазақ үні»кто ,что пишет . Мне лично не понравился ,когда в ВЫСШЕМ законодательном Органе в Сенате ,стало проблема ,что ОДИН человек проголосовал «против» из 42 депутатов ,проголосовал 41. Сенатора . А Сенатор М. Алтынбаев ,дал интервью для ТВ ,что психический нормальный человек должен проголосовать только «за» это же идет «тайное» голосование ,мы же входим в ООН ,демократическое развитие. Господа СЕНАТОРЫ Если проголосовало бы из 42 депутатов, «против» 20 человек ,и то РЕШЕНИЕ прошло бы как законное.МЫ же колхозники сидим в сельском клубе и обсуждаем ваши выходки ,просто ВЫ нас рассмешили.Уже СМИ пишут ,я же читаю на странице этого портала , дней 10 тому назад когда. НЕ назначено еще день выбора Президента Р.К. НЕ зарегистрировано не одного кандидата ,в Президента Р.К. а пишет ,что Президентом Р.К. будет Назарбаев.Н.А. а самое главное ,что ОН наберет уже без выбора 97% голосов ,как прикажете понимать . Выбор Президента Р.К. все таки состоится в 2016.году как положено вовремя ,нет ни каких авралов для отмены.МЫ же не КИТАЙ 1,5 млрд,РОССИЯ который имеет 9 поясных часов,ИНДИЯ более 1,5 млрд людей ,ПАКИСТАН 240.млн чел. Афганистан 60.млн чел и всю жизнь идет воины ,Хамит.Карзай ушел же в отставку. МАТЬ моя плакала 1953 г. когда Сталина не стало ,1982.г. Брежнева не стало ,я не вижу в том что Казахская ССР ,и Республика .Казахстан плохо живет.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз