Назипа МАМЫҚОВА, «Жас қазақ үнінің» Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі: ҚАЗАҚТЫҢ ҮНІ БОЛА БЕР

 

d0b8d0b7d0bed0b1d180d0b0d0b6d0b5d0bdd0b8d0b52«Жас қазақ үні» газетінің қалам ұстаған сөз зергерлері халықтың мұң-мұқтажын жоқтады. Әділет іздеген жандардың тағдырына араша түсті. Бұлай дейтініміз: елімізде орын алып жатқан, мәселелердің бетін ашып, халықтың мүддесін ойлап,  елдің тілегін басшыларға жеткізе білген осы басылым.

Міне, осындай өзекті тақырыпты өрге сүйреген де «Жас қазақ үні».

«Газет-халықтың көзі, тілі һәм-құлағы» деп айтқан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек «Жас қазақ үні» газетінің он жасқа толған туған күні басылымның ғана емес, еліміздің, халықтың, төл мерекесі екені анық.

Құрметті әріптестер, баршаңызды «Жас қазақ үні» газетінің мерейлі мерекесімен құтықтаймын. Бүкіл қазақтың үні бола бергей деп тілеймін.