Абақтыдағы концерт

Жуырда астаналық филармония әртістері тергеу абақтысында концерт қойды, деп хабарлады Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйе комитеті депратменті.

Департамент бастығының орынбасары Ермекбай Қожахметовтың сөзіне қарағанда, қалалық филармонияның кәсіби әртістері аталмыш мекемеде жыл басынан бері осымен екінші рет қайырымдылық концертін ұйымдастырып отыр.

Концерт Жеңістің 65 жылдығы мен ҚР Конституциясының 15 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.