КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
865

Алматыда «Теңізшевройл» ЖШС БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, алпауыт компанияның бүгінгі өндірістік жағдайы жайында кеңінен сөз болды.

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 1993 жылдан бері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кенішінен мұнай өндірумен айналысатын әлемдегі ірі компания болып саналады. Бұл бірлескен кәсіпорынның 50% «Шеврон» корпорациясына, қалған 25% – «Эксонмобил Қазақстан Венчурс инк», 20% –«Қазмұнайгаз» ҰҚ АҚ, 5% – «Лукаркоға» тиесілі. ТШО 2008 жылдан шикі газ өндіру жобасын іске қосты. Қазір тәулігіне 75 мың тонна мұнай шығарады. Сөйтіп 2014 жылы жылына 26,7 миллион тонна мұнай өндіретін көрсеткішке қол жеткізген. Баяндама жасаған ТШО бас директоры Тим Миллер өндіріс, еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, қазақстандық қамту, корпоративтік жауапкершілік сияқты негізгі тақырыптарға толық тоқталып, журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Қойылған сұрақтар көбіне қазіргі дағдарыс кезіндегі өндіріс көлемі, жалақы, адамдардың денсаулығы, тұрғындарға әлеуметтік көмек жайында болды. Бас директор бұл сұрақтарға жауап беріп, алдағы 2015 жылға бағытталған жоспарларымен де таныстырды. Айта кетелік, ТШО бұндай баспасөз мәслихатын жыл сайын тұрақты өткізіп келеді. Яғни, сол арқылы халық алдында есеп беріп келеді деген сөз. Бұл өте құптарлық дәстүр. Бізде бірлескен және шетелдік компаниялар өте көп. Өкінішке орай, солардың бір де біреуі осындай аса қажетті шаралар өткізбейді. Шетелдік компаниялар былай тұрсын, халықтың алдында есеп беру деген есті шара өзіміздің салалық министрліктердің де ойына кіріп-шықпайды емес пе?..

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз