Қоғамда "бала туып беремін" деген жаңа қызмет түрі пайда болған

Соңғы уақытта қоғамда "бала туып беремін" деген жаңа қызмет түрі пайда болған. Біреудің перзентін құрсағында тоғыз ай көтеріп жүретін аналар елімізде де көбейіп келеді деп хабарлайды 31 арна.

Қоғамда Оларды кинодағыдай халық "суррогат ана" деп атайды. Әрине, бұл қызмет түрі ақылы. Және көпшіліктің бәрінің қалтасы көтере бермейді. Бүгінде "суррогат аналар" ешкімнен жасырынбайды, жасқанбайды да. Солардың бірі бүгінде мейрамханалардың бірінде ұйымдастырушы болып істейтін 38 - жастағы Гүлвира Оспанқұлова. Құрсақ ана атанған келіншек осыдан алты жыл бұрын өзге отбасына бала туып берген. "Маған пәтер керек болды сол үшін мұндай қадамға бардым. ЭКО туралы мағант құрбым айтты. Сосын ол жерге құрбым екеуміз бардық. Солай суррогатты ана болдым. 20 мың долларға келістім", - дейді құрсақ ана Гүлвира Оспанқұлова. Отыз жасында күйеуінен жесір қалған Гүлвираның туған -туыстарыда, жалғыз қызының бұл қызметіне қарсы болмапты. Ал өзін Салтанат деп таныстырған әйел екі рет құрсақ ана атанған. Мардымсыз жалақыға күн көргеннен гөрі қомақты қаржы табуды көздеген келіншек өз қызметін 35 мың долларға бағалапты. Тіпті, бір бөлмелі пәтер мен темір тұлпарға қол жеткізгенін айтып отыр. "Істеген ісімді адал деп ойлаймын, өйткені аман есен тоғыз айдан кейін туып берген баланың анасы қолына алғаннан кейін ақысында алады", - дейді құрсақ ана Салтанат. Бүгінде ЭКО орталыққа күніне оншақты ерлі - зайыпты көмек сұрап келеді екен. Бір перзентке зар болғандарға көмек қолын созатын, яғни екі жұптың келісімімен бала туып беретін әйелдер. Сондықтан да суррогат ана бүгінгі қоғамда аса қажет деген пікірде дәрігерлер. "Елу пайыз хромосомалар сол әйелден болады, биологиялық және аталық ұрықтың елу пайызы хромосомасы қосылады, сондықтан, құрсақ ананың қатысы ешқандай жоқ", - деп отыр репродуктолог Анар Жоламанқызы. Бүгінде елімізде 350 мың отбасы бала сүю бақытынан айырылған. Яғни түрлі экологиялық, әлеуметтік жағдайлармен денсаулықты күтпеудің салдарынан бедеулік пен белсіздік саны жыл сайын 15 пайызға артып отыр. Салдарынан олар құрсақ ананың көмегіне жүгінеді. Тек былтырғы жылдың өзінде 20 мыңға жуық сәби осындай құрсақ аналардың арқасында дүние есігін ашқан.

Источник: 31 канал