«Түркіменбашы» деп алдыңғысының, «Арғадақ» деп бүгінгісінің астына көпшік қойған түркімендер әдірем қалды. Жағымпаздық пен даңғойлықтан көрші-мөршілерімізден, бәсеке- мәсекелестерімізден қара үзіп кеттік білем. Жалпақтау мен жарамсақтықтан жарыста алдыңғы озық отыз елің не, екінің бірі болған сияқтымыз.
Жұма намаздың алдында «Шалқар» радиосы Елбасын аспаннан бір-ақ шығарды. Нұрлы жол - Нұқ пайғамбардың кемесі деген сыңайда ән шырқады. Ойпырым-ай, енді бұған не дерсің? Адамзат баласын, тіршілік атаулысын Алланың қалауымен апаттан алып қалған Нұқ пайғамбарға кімді теңестіріп жатырмыз?
Журналист бауырларым-ау! Ойлансаңдаршы, бір уақ. Өсер сөз бен бөсер сөздің арасын ажыратудан қалғансыңдар ма?
Камал ӘБДІРАХМАН.
Абай. kz