НҰҚ ПАЙҒАМБАРҒА «НҰРЛЫ ЖОЛДЫ» ТЕҢЕГЕНІ НЕ СҰМДЫҚ?

17
1563

«Түркіменбашы» деп алдыңғысының, «Арғадақ» деп бүгінгісінің астына көпшік қойған түркімендер әдірем қалды. Жағымпаздық пен даңғойлықтан көрші-мөршілерімізден, бәсеке- мәсекелестерімізден қара үзіп кеттік білем. Жалпақтау мен жарамсақтықтан жарыста алдыңғы озық отыз елің не, екінің бірі болған сияқтымыз.

Жұма намаздың алдында «Шалқар» радиосы Елбасын аспаннан бір-ақ шығарды. Нұрлы жол – Нұқ пайғамбардың кемесі деген сыңайда ән шырқады. Ойпырым-ай, енді бұған не дерсің? Адамзат баласын, тіршілік атаулысын Алланың қалауымен апаттан алып қалған Нұқ пайғамбарға кімді теңестіріп жатырмыз?

Журналист бауырларым-ау! Ойлансаңдаршы, бір уақ. Өсер сөз бен бөсер сөздің арасын ажыратудан қалғансыңдар ма?

Камал ӘБДІРАХМАН.

Абай. kz

17 ПІКІРЛЕР

  1. Қарап тұрсақ біздің елдің, біздің халықтың басынан нелер күн өтті, солардың барлығы бүгін аңыз секілді, біздің аталарымыздың қаны төгілген осынау талай ерліктің куәсі болған алып дала бүгін бізге аманат, ал бүгінде өркендеп дамыған елміз, сол тарихымызды тойлап, ұрпаққа өнегелі іс жасаймыз, осының барлығы мен үшін, барлығымыз үшін өте қымбат.

  2. Осындай құндылыққа толы жырлар көптеп жазылуға тиісті, біз білмейтін қаншамалаған азаттық үшін жанын қиған, елін-жерін қорғаған қас батырларымыз бар, енді міне осылай тағыда тынып біле беретін боламыз.

  3. Ата-бабаларымыздың ерлігін жыр еткен мына азаматтың алаулы жыры, ар-намысын ту еткен бар қазақтың жүрегінде сақталуы тиісті.

  4. Тарих осылай жазыла береді, мына жазылған өткен тарихымызды ұрпақ санасына сіңірген, отты жыр-дастандар ертеңгі ұрпақтың санасына сәуле түсіретін бағалы байлық болмақ.

  5. Керемет туынды, оқып отырып желпініп, қанаттанып қаласың, осындай жыр-шумақтар төгілсін, біз нағыз еркіндкті, осы жолдағы батырлықты жырлай беруден шаршамаймыз.

  6. Келешектің кемелді болуына, ертеңгі күнімізге жасалған ұлы жоспар, осы «Нұрлы жол» бағдарламасын қалай айтсақта тамаш мүмкіндіктерге толы бағдарлама екендігі шындық, артық айтсақта, кем айтсақта өз басым тек еліміздің өркендеуі үшін аз болсада барлығымыз үлес қосайық деп айтқым келеді.

  7. Осы тұрғыдан емес, жалпы кейде Елбасымызбен мақтанамыз, неге мақтанбасқа, өз патшамызды өзіміз мақтай алмасақ кім болғанымыз, ал кейбір адамдар сол мақтанышты жағымпаздық деп санайды, неліктен, барлығымыз мақтануға тиістіміз.

  8. Қалай болғандада Елбасымыз осы  елдің тыныс-тіршілігі үшін барын арнап келеді,»Нұрлы жол» бағдарламасы да асқан кемеңгерліктің жемісі, ішінде осы елдің барлық жағыдайы қарастырылған.

  9. Нұқ пайғамбардың кемесіде қаншама тіршілік иесін тамаша тіршілікке жетелеп, алланың қуатымен тыныштыққа жеткізді, Елбасымыздың да осы ұстанған жолы осы тыныштық, даму сондықтан салыстыра сөйлеген шығар.

  10. Өз басым Елбасымызды мақтаныш етемін, Елбасымызбен мақтанамын, біз түгілі басқаларда, басқа елдің елеулі азаматтарыда Елбасымызбен түскен бір суретін мақтаныш етіп әлемге жариялап жатқанын жақсы білеміз.

  11. Тура солай айтылмаған шығар, ол кездегі тығырықтан жол тапқан оқиғамен қазіргі Елбасымыздың ұлы жолын салыстырып, айтқаны болар деп ойлаймын.

  12. Сынықтан сылтау тауып, осылай бір-бірімізді аңдып не істейміз, бастысы Елбасымыздың жолы, «Нұрлы жол» бағдарламасының қазіргі заманға лайықты, бірден-бір шығар жол екендігі ақиқат.

  13. Иә,адвокат мырзаның ойымен келісе отырып, өз ойымды білдірсем. Қазіргі әлемдегі болып жатұан жағдайларға қарасақ елімізге тұрақтылықтың кепілі ретінде сайлауды өткізген дұрыс болар еді.

  14. Господа … Я написал еще в своих комментах ,И ПРОСИЛ ПРЕЗИДЕНТА р.к. Разобраться В ТОМ , ЧТО в сми пишут ,еще НЕ установлен ДЕНЬ выбора Президента Р.К. ,НЕ зарегистрированы кандидаты в Президента Р.К. А пишут что будет Президентом Р.К. Назарбаев .Н.А. и он наберет уже 97% голосов .После этого Я не удивлюсь НЕ к чему.В народе говорят Что КАКОЙ народ ,такой Президент .

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз