Мәдениет және спорт министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

3
1273

Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарып келген Тастанбек Есентаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты оның орына Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы тағайындалды.

Мәдениет және спорт министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Сәкен Мұсайбеков

Сәкен Мұсайбеков аталған министрліктің спорт саласына жауап береді.

Айта кетсек, Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы 1967 жылы дүниеге келген. 1991жылы В.И.Ленин қазақ политехникалық институтын тау-кең мамандығы бойынша бітірген.

Бұған дейін Көлік және коммуникация вице-министрі, «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қорында басқарушы директор, Қаржы министрлігінде апарат жетекшісі секілді бірнеше жауапты қызметтер атқарған. Сондай-ақ су спорт түрлері федерациясының президенті.

Источник: BAQ.KZ

3 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз