ОЙ-ТОЛҒАУ

Ғылым ұясы

Ғылым мен ілім жүрекке қонбаса, сенім-нанымның қалыптасуы екі талай...

Жүрекке қонған ілім амал жүзінде көрінбек.

 

Ұлттық философия

Ұлттық рухымыз тұншығып, философиямыз өзгерді.

Ой «зат» аясында айналып жүрсе, сана «дін» діңгегінен ажырап қалса... 

 

Қазақтың кіндігі

Қазақ елінің кіндігі де, серпіні де – ауыл.

Бүгінгі күннің ауылы ұзақ жылдар бойы қақпаның ауызында баласын күтіп отырған қария іспетті. 

Қарияны тәу ету – бір қазақтың ғана емес, бар қазақтың парызы.

 

Жүрекке басылған мөр

Иудаға ешкім тосқауыл бола алмады.

Менмендік пен эгоизмнің құрбаны...

 

Жүйе

«Демократия! Демократия!..» деп жар салғандар...

Екі жаһанның бақытын тілеген жанға қандай «жүйе» ұсынар екен?

 

Заманауи талап

Тәжірибе жинақтау мақсатымен елді сынақтан өткізу – зұлымдық.

Заман ел мүддесіне қызмет етпесе, жасалған істен не қайыр?

 

Көз жасы

Көз жасына жуылған жайнамаз да құрғады...

Көктен құт қонбаса, жер астындағы байлыққа бүйрегің бұрып тұрады-ау?!

Керім Құдайға жетер мінәжаттың құдіреті сыздаған сезім мен көз жасына байланысты...

 

Өтірік

Өтіріктің кішісі мен үлкені

болмайды.

Жалғандықпен өмір сүру жар жағасында жүргенмен бірдей...

 

Байлық пен риза

«Өлі риза болмай, тірі байымайды». Расында, солай.

Артынан Құран бағышталмаса, ізгі амал жасалмаса, өлі қалай риза болады?

Тірі жан қалай байиді? Егер Құран оқымай, ізгі амал жасамаса...

 

Терең дүние

Жүрек мұхитына көз бен құлақ өзендері құйылып ағады...

 

Мағрифатқа ұмтылу

Заманынан озған замандастың мінәжаты:

«О, Жаратқан Ием! Баршаға таныс болғанымша, бәрінен бұрын Сені жақсы біліп танитын адам болсам...»

 

Күрес

Қателігін өмірі мойындамайтын адам басқа біреудің қателігін іздейді...

Әлемді өзгертемін дейтіндер, әуелі өзінен бастап көрсін.

 

Жағыну

Жағымпаздықтан да ысырап туатын көрінеді...

Біреуге жағамын деп, нысапсыздыққа түседі.

 

Осы жол

Бір күні құмырсқа қажылық парызын өтеу үшін жолға шығады екен.

  Мына жүрісіңмен қашан жетесің? – деп, құмырсқадан кекетіп сұрайды.

Құмырсқа:

– Иә, жете алмайтыным рас. Бірақ, осы жолда өлсем, қам жемеймін, – деген екен... 

Естен ажыратқан

махаббат

Мәжнүнге не десең де, Ләйласын ойлайды.

Онсыз дүние де, өмір де бос...

 

Ынсап

Иманмен бірге ынсап та жоғалды.

Пайғамбарға жиырма үш жыл қажет еді, ал бізге ше?

 

Жетістікке жету жолы

Өзін ғана ойлайтын адамның халыққа пайдасы жоқ.

Ел үшін жанқиярлық жасалмаса, жетістікке жету қиын...

 

Биік мақсат

Жаманның жақсысы болу – ұлттық мінезімізге жараспас.

Мақсатың жұлдыз болсын, еш болмаса асқар таудың шыңына жетесің...

 

Өзімшілдік

Өз-өзін ұмытпаған өзгені қалайша еске алмақ?

 

Шамасыз шақтар

Шамасы келмейтін шақтар туады...

Шамасы бәріне келетін Құдіреттің іске қосылатын заманы туған ғой.

 

Үміт еткен шайтан

«Үмітсіз – шайтан».

Шайтан үміт үзді десек...

Рақымы Шексіздің мейір-шапағатына шәк келтірмейміз бе?

 

Сценарий

Басқа біреуге сценарий жазғанша, өзіне сценарий жазып көр.

Сценарийдің басты кейіпкері де өзін болсаң...

 

Мәңгілік сезімі

Көкірегіне мәңгілік сезімі ұялаған адамның көзқарасы мүлде басқа.

Бұдан бұрын жаратылыспен танысқандай әркез махаббатпен қарап тамашалайды...

 

Себеп

Бейберекеттіктің басты себептері: надандық пен үрей.

 

Үн

Сөз салиқалы зікір мен сұхбатқа, үнсіздік терең ой мен пікірге

  айналса...

Екеуі де естіледі.

 

Адал жол

Жаратылыстан туған еркіндік...

Өткен шаққа оралып қайта қамалудан не пайда?

Өмірден толық ләззат алудың жолы – адал жол.

Арам жолға түсудің қажеті де қалмайды.

 

Ғылым

Ғылым кейбір адамдарды ақиқатқа жеткізеді.

Кейбіреулерді адастыратын көрінеді...

 

Иманның жартысы

Тазалық ең лас жерден басталады...

Мәлік  Отарбаев