РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

8
44945

Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» деген аталы сөз бар. Бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қоятын жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық екенін ұмыта бастаған сыңайлы.

Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені – жоғары атақ-мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.

Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкін бөгде біреулердің ұрлап әкетуі де, тіпті, қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан рухани қазынасын ешкімнің де тартып ала алмасы анық. Ел ішінде «Жақсылардың кеудесі алтын сандық» деген бағалы сөз осыдан қалса керек.

Ең бастысы – өмірімізге сара жол нұсқайтын, ізгі ниеттің нұрын құяр ғұламалардың сөзін көңілімізге ұялатсақ, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.

 

«Адамға адал досты табу қиын,

Көбіне дос етеді мал мен бұйым.

Қасыңнан, досыңнан да бірдей сақтан,

Егер де болса зердең, баста миың»,- деп айтып кеткен еді, ұлт үшін ұрандаған Алаш қайраткерлерінің бірі – Ахмет Байтұрсынов.

«…Ғұлама машайықтар мен ақылман даналарды бөлек, дара тұлғалар ретінде сыйлап, құрметтей білдім, батыл адамдармен дос болдым. Өйткені, Алла Тағаланың өзі де, ер жүрек құлдарын ұнатқан ғой. Олармен дидарласып, өзара сырласып, таза ниет, пәк кісілерді жаныма жақын тұттым. Сондай-ақ, ізгі ниетімен берген ақ батасын алдым», – деп өзінің өнегеге толы өмірінен ұрпақтарына мөлтек сыр шертіп кеткен екен Махамбет бабамыз.

Мінеки, «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген осы болар.

Ұлт келешегінің кепілі – жастарға рухани кедейшіліктен, ертеңімізге немқұрайлы қараудан аулақ болайық дегім келеді. Соңымызда көл-көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға үлгі боларлық өнегелі іс қалсын ағайын!

 

Әбу ЖАРҚЫНҰЛЫ

 

8 ПІКІРЛЕР

  1. Рухани құндылық демекші – бұрын ауыл-ауылда, мектеп, көркем-өнерпаздар үйірмесі, клубтарда жалпы мәдени ошақтарда кітапханалар жұмыс істейтін, кітәп оқымайтын адам болмайтын.қазір кітапхана да, мәдеиет орындары да әллау ақбар.бар дүниені түп-тұқиянына дейін құртқанның сұрауы кімде,ұстағанның қолында,тістегеннің аузында тиын-тебен,таныс-тамырға үлестіріліп кеткен жоқ па.біз қалдық,қолымызда қолақпандай ПИК-купондарымызды ұстап,ойбай,бізге дивиденд түсіп тұрады,араптар сияқты жатып-ішеміз деп әумесер құсап.бір 25%-ын ғана жұлынып жүріп квартирамызды приватизацияға өткізгенге жұмсадық,сонымен әумин,сандықтың түбінде жатыр сол купондары.көттен кейін қарай жүріп,жаңа ғана еңбектей бастаған бала құсап,бардың бәрінің басына су құйдық.сол кездегі орташа тұрмыс құрған жандар,үй-жайларын тастап,ала дорба,тор көз қытай торба арқалап,ауып кетті,Алматының жан-жағын торуылдап.қазіргідей үйсіз-күйсіз жүру ілуде бір кездесетін,жаппай емес.ендігі сол халықтың байлығын қарпып қалғандар қайтарсын,орнына келтірсін.алмақтың да салмағы бар деген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз