Астана әкiмi Әдiлбек Жақсыбеков пәтер құрылысына қаржы құю iсiнде мұқият болуға және күмән тудыратын жағдайда әкiмдiкке хабарласып, кез келген мердiгер бойынша тиiстi ақпарат алуға кеңес берді.
"Қалада бiрнеше сенiмсiз мердiгер-компаниялар бар. Кейбiрiнде рұқсат құжаттары жоқ. Оларға қатысты қылмыстық iстер қозғалды. Сондықтан пәтер құрылысына қаржы құю iсiнде мұқият болыңыздар дегiм келедi. Сенiмсiз компаниялар тарапынан адамдарды алдау оқиғалары тiркелген. Бұл ретте күмән тудыратын жағдайда әкiмдiкке хабарласып, кез келген мердiгер бойынша тиiстi ақпарат алуға кеңес беремiн", - дедi Жақсыбеков тұрғындар алдында есеп беру жиынында.
Бүгiнде Астанада жұмыс iстеп жатқан құрылыс ұйымдарының саны 1,5 мыңнан асады. Өткен жылмен салыстырғанда құрылыс компанияларының саны 20 пайызға артқан.