Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Профессор Аюбай Құралұлы оқушылар бірінші сыныптан университет бітіргенге дейін Абылайхан мен Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап Аслан Мусин, Бекболат Тілеухан сияқты азаматтардың өмірбаяндарын білулері қажет дейді. Бұл үшін он мыңға жуық адам туралы көптеген кітап құрастырған.
Мұны мектеп мұғалімдері де қолдап отыр. 25 жылдан бері этнологияны зерттеп жүрген ғалым Аюбай Құралұлы қазақтан шыққан хандар мен батырлардан бастап, өнер жұлдыздары мен спортшыларды да оқулыққа енгізбекші.
Он мыңға жуық танымал адамдарды зерттеп шыққан ол 70 кітапқа 2700 тұлғаны сыйдырған.
"Теледидарда, жалпы медиада ғалымдар туралы мақала аз, екінші олар туралы бағдарлама жоқ. Бәрі сол шоу-бизнесті насихаттау. Ал ғалымдарды насихаттайтын кім? Ешкім жоқ", - дейді этнолог-ғалым Аюбай Құралұлы.
Өзі "Тұлғатану" деп атаған пәнінен тіпті, істі болып отырған экс-премьер Серік Ахметов туралы да біле аласыз. Әзірге бұл пән Аюбай Құралұлының өзі дәріс беретін педагогикалық институт студенттеріне қосымша сабақ ретінде оқытылып жатыр. Нәтижесі де жаман емес дейді педагог.
Ал мектеп мұғалімдері этнологтың бастамасын бірден құптай кетті. Тек қазір мектептерге берілген сағат тарихи тұлғалар түгілі маңызды оқиғаларды түсіндіруге де жетпейтінін алға тартуда.
Теледидарда, жалпы медиада ғалымдар туралы мақала аз, екінші олар туралы бағдарлама жоқ. Бәрі сол шоу-бизнесті насихаттау. Ал ғалымдарды насихаттайтын кім?
"Мысалы біз тарихта тоқталып өтеміз ғой оларға, бірақ жәй тоқтап-тоқтап өтіп кетеміз. А бірақ арнайы сағат болса бәрін үлгереміз деп ойлаймын. Қосымша саға бөлсе қиын болады. Арнайы сағат бөлу керек", - дейді тарих пәнінің мұғалімі Сәкен Оразбаев.
Қарапайым ұстаздар қолдап отырған оқулық тек шенеуніктердің назарына бір ілінбей қойды. Енді Аюбай Құралұлы бұл ғылыми еңбегін жаңалық ретінде 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне шығармақ. Әйтпесе, өкінішке орай өскелең ұрпақ Абайдан гөрі Тиматиді, Қаныштан гөрі Бейонсті танитын хәлге жетті дейді ұстаз.