Депутаттар, "әлемді теңселтіп отырған қаржылық тербеліс үдемей тұрып, сайлау өткізіп алу қажет", деп санайды. "Және алыс-жақын мемлекеттердегі саяси тұрақсыздық елдің қалыптасқан ішкі-сыртқы саясатының жүйелі жалғастырылуын қажет етеді", - дейді.
"Әлемдік экономиканың дағдарысқа қарай қадам басқанын әлем мойындап отыр. Және біздің бұл процесстен шет қалуымыз екіталай. Дағдарыстың шарықтау шегі 2016-17 жылдарға келеді. Сондықтан "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру мен сайлау мерзімін кейінге қалдыра берсек, ұйымдастыру шараларының өзі қиынға соғады. Сондықтан президент сайлауын өткізудің техникалық қолайлы мерзімі - 2015 жыл", - дейді депутат Ахмет Мурадов.
"Біз саяси ұйым ретінде кез-келген уақытта кез-келген сайлауға әзірміз. Ол мәслихат, мәжіліс, тіпті президент сайлауы болсын", - дейді депутат Айқын Қоңыров.
"Елдің қарымды дамуы үшін, мықты көшбасшы керек. Ондай мықты басшы - Нұрсұлтан Назарбаев. Мен де елдің азаматы ретінде халықпен тілдесіп, пікірлерін тыңдадым. Халық мемлекет басшысын қолдап, оның 95-97% дауыс басымдығымен жеңіске жетерін болжап отыр. "Нұрлы жол" және басқа да бағдарламаларды сол жоспарларды әзірлеген адамнан басқа кім жүзеге асыра алады?", - деді "Нұр Отан" фракциясының мүшесі Мұхтар Тінікеев.