Коммунистер президент сайлауына өз кандидаттарын жылжытуға әзір

Мерзімінен бұрынғы президенттік сайлау қажет, деп санайды парламент мәжілісінің Қазақстан Коммунистік халық партия (ҚКХП) депутаты Владислав Косарев.

Коммунистер президент сайлауына өз кандидаттарын жылжытуға әзір

"Партия пікірі бүгін айтылатын болады, біз талқылаймыз, жиналып, өз пікірімізді айтамыз. Мен (мерзімінен бұрынғы президенттік сайлау – ҚазТАГ) қажет деп ойлаймын, өйткені сыртқы әлеммен өзара қарым-қатынас жүйесін құрып алу керек", - деді Косарев журналистерге дүйсенбі күні. Өз кезегінде парламент мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров аталмыш ұсынысты қолдап, ҚКХП-ның президенттікке өз кандидатын жылжытуға дайын екенін атап өтті. "Қазіргі әлем жағдайында Қазақстанға біздің еліміздің дағдарысқа қарсы менеджментін анықтап алу қажет, сондықтан, біздің партия қолдайды деп ойлаймын. Біз, электоратпен тұрақты түрде белсенді жұмыс істейтін саяси партия ретінде, кез келген уақытта сайлауға қатысуға дайынбыз, сол себепті мерзім мәселесі бізге проблема болып табылмайды. Әрине, осы елдегі билік үшін таласатын саяси партия ретінде, біз өз кандидатымызды жылжытуға әзірміз. Сайлау мезгілі белгілі болған кезде, егер жалпы болатын болса, онда біз съездің қашан болатынын шешетін боламыз", - деді Қоңыров. Еске сала кетейік, 14 ақпанда Қазақстан халықтары Ассамблеясының кеңес мүшелері парламент мәжілісіндегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының депутаттық тобына Президенттік сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасымен шығу өтінішімен жүгінді. ҚХА үндеуіне сәйкес, ұласпалы әлемдік экономикалық дағдарыс пен халықаралық ауыр тәртіп жағдайында сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастама "уақыт талабы болып табылады". "Әлемдік дисбаланстардың жаңа және қиын кезеңінде, елдің стратегиялық бағдарынан тайқып бермей, өзінің елді ауқымды жетілдіру және әлемнің ең күшті мемлекетінің 30-дығына кіргізу жөніндегі жолын жалғастыра беруі үшін, Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім таныту қажет" екендігі атап көрсетіледі. Олардың ойынша, бүгінде Қазақстанға "Нұрлы жол – болашаққа жол" бағдарламасы мен ұзақмерзімдік "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыру үшін барлық ресурстарын біріктіру қажет.

Источник: КазТАГ